Хауа ананың Абыл және Қабыл деген ұлдары өз жұптарымен (қарындастарымен) егіз дүниеге келеді. Адам ата оларға өз сыңарларымен емес, өзге егіздердің сыңарларына үйленуге тиіс екенңн айтады. Сондықтан Абыл Қабылдың, ал Қабыл Абылдың сыңарына үйленеді. Бірақ Қабылдың сыңары Абылдың сыңарынан сұлу болатын. Бұл шешімге Қабыл разы болмайды. Сөйтіп ол Абылды өлтіреді. Оны жерге көміп тастайды. Өз сыңарымен Йемен жаққа қашып кетеді. Міне жер бетінде ең алғаш рет нақақтан - нақақ қан төгіледі.