+1 дауыс
2.4k көрілді
Күз туралы күзгі балға ән қажет еді?

1 жауап

+1 дауыс
Тұнжырайды күннің нұры өзгеріп ,
Жыр сұрайды ақындардан күз келіп .
Жылы жаққа тізбектеліп тырналар
Бұлдырайды құс жолына өң беріп .
Айтылмаған сырларымды бір сәтке ,
Жазылмағвн жырларыма есепте .
Жан жүректің қан тамыры туласа
Жаратушың бір Алладан емес пе ?
Жазда өтті , кезегімен күз келді ,
Өзің жайлы жыр жазуға сөз берлі ,
Махаббаттың әні қайда шырқалған
Ақ қайыңды төңіректе өзгерді ! ?
Өтінемін , өзгермеші жан сырым ,
Болған емес сенен артық жан бұрын .
Сезім шіркін толғандырса көңілді
Бүріккендей жайма – шуақ жаңбырын .
Алабұртып өзгергенде мінезде ,
Аласұрған құйын келіп бір кезде .
Жапырағын алып ұшты аспанға
Жаңалаштап ағаш көркін ілезде .
Күн көзінен қызуы жоқ із қалды ,
Бар атырап жел өтіне ырғалды .
Сұрша күзде сағынышты ой толғап
Шабытымнан өлең тулап қозғалды .

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
9 жауап
...