+3 дауыс
943k көрілді

Маған толық түсінікті қазақша резюме үлгілері, түйіндеме үлгілері керек?

РЕЗЮМЕ ЖАЗУҒА ҚАТЫСТЫ 10 КЕҢЕС

1. Түйіндемені ешқашан Word форматта жібермеңіз. Себебі Уорд форматта кез келген ақпаратыңыз өңделеді және пошта арқылы ашқанда әріптер жан-жаққа шашылып, ұсқынсыз көрінеді. Microsoft Office соңғы жылғы версияларында Word форматты сақтағанда PDF етіп сақтауға болады.

2. Түйіндемеге міндетті түрде позитив фотоңызды қойыңыз немесе фотоңызды көретін әлеуметтік желілеріңіздің адресін жазыңыз. Мысалы, менің компанияма клиенттермен сөйлесетін бойы ұзынырақ қыз керек деген соң, түрі де, дене бітімі де маңызды. Сондықтан адамның түрін көруіміз керек.

3. Ешқашан Mail.ru пошта жазбаңыз. Сондай-ақ, поштаңызда жылыңыз, лақап атыңыз немесе қай өңірден екеніңіз жазылмасын. Мысалы: [email protected], [email protected], [email protected] сияқты пошта иелерін өз басым жұмысқа алмаймын. (Айтпақшы, мына пошталарды ойдан шығара салдым, дәл осындай пошта иелері болып жатса, жай сәйкестік болғанын айта кетейін) Оқыған-тоқыған, көзі ашық адамның поштасы gmail.com сияқты әлемдік сервис болуы шарт. Mail.ru - МАЛ.ру атымен танымал.

4. Тілдер туралы біліміңізді көрсеткенде "со словарем" немесе калькаланған "сөздік бойынша" аудармасын жазбай-ақ қойыңыздар. Бұл сөз - дым білмеймін дегенді білдіреді ғой. Сөздік қолданбай-ақ Google Translator беретін болса, әлемнің кез келген тілінде сөйлеуге болады.

5. Тағы бір бөлімге Internet Explorer атты браузерді жазып, масқара болудың қажеті жоқ. Бұл браузердің логосында Е әрібі тұрушы еді. Оны бүкіл xалық ЕСЕК деп айтады, себебі әлемдегі ең құрыған жайбасар браузер. Оны шығаратын Майкрософт компаниясының өзі Explorer-ді жетілдіріп, саппорт жасауды тоқтатты.

6. "Маған резюменің үлгісін жібере аласыз ба?", резюме жіберіңіз деген поштаға "Сізбен қалай xабарласуға болады?" немесе барлық шарттарын жазып қойған жарнама туралы "Ол қандай жұмыс екенін толығырақ білуге бола ма?" деп онсыз да жұмысы көп адамның уақытын алып, жүйке талшықтарын өлтірудің "ауыр күнә" екенін айта кетейін )))

7. Істемейтін телефон нөмірді, компаниядағы поштаңызды немесе университетіңіздің, клубыңыздың, группаңыздың поштасын беруші болмаңыз. Сондай-ақ, резюмені құжат ретінде емес, жеке чатқа, поштаға мәтін түрінде жіберуді қанша ойласам да түсіне алмадым. Аяқ астынан жұмыс шыққан соң, асығып-үсігіп жаза салған сияқты көрінді.

8. Қазіргі заман әлеуметтік желілердің тренд болып тұрған уақыты. Сондықтан сізді шақырып, әуре қылмай қандай маман екеніңізді білу үшін әлеуметтік желідегі аккаунттарыңызды да қосымша ақпарат ретінде қалдыра салу зиян болмайды. Болашақта осы парақшамды менің жұмыс беруші компаниям қарайды-ау деген стратегиялық жоспармен қазірден бастап, әлеуметтік желідегі әр салған фотоңыз бен жазбаңызға аса мән беріңіз. Инстаграм мен Фейсбуктағы анкетаңызды көрген адам резюме көргендей күй кешетін болсын. Сонда сізге жұмыс берушілер көптеп xабарласады.

9. Жалпы қазірден бастап, резюмесіз жұмысқа кіретіндей деңгейде мықты, кәсіби маман болуға тырысыңыз. Сіздің әлеуметтік желідегі жазған жазбаңызды көріп, бірден жұмысқа шақыратын немесе оффлайнда өзіңізді қалай ұстап, қалай сөйлегеніңізге қарай сізге аяқ астынан жұмыс ұсынатын деңгейде алғыр hәм пысық болыңыз. Өз басым бір рет қана "для галочки" құжаттар тізімінде болу үшін ғана резюме жазып көрдім. Бірақ оның өзі аппақ парақта емес, көздің жауын алмаса да, кішкене әдемірек болды.

10. Резюмеңізді барынша сәндеңіз. Аппақ парақтағы резюмені кез келген ксерокс жасайтын жердегі жігіт жасап береді. Ал мына суреттегідей түрлі түсті резюмені жасасаңыз, жұмыс беруші креативіңізге тәнті болып, міндетті түрде xабарласады. Google.com атты Құдай бере салған сайт бар, соған кіресіз де, "cv templates word" немесе Russian-ша "резюме шаблоны word" десеңіз, тегіні бар, ақылысы бар миллион түрлі шаблон шығарып береді, соның біреуін алып, бүкіл мәліметіңді салып шықсаңыз, өз резюмеңізге өзіңіз ғашық болып қаласыз.

"Жұмыс жоқ, жұмыс жоқ" деп зар жылап, Үкіметтегі ағаларымыздың басын ауырта бермей, кішкене өздеріңіз де тырысып көріңіздер. Менің іздеп жатқан маманыма келсек, жазу-сызуды білетін, пысық, алғыр, позитив айтқанды бұлжытпай орындайтын қыз болса болды. Оқып жүрген студент болса да жарайды. Түстен кейін істесе де, түске дейін істесе де мейлі, ең бастысы келген клиентті риза қылып жіберсе болды. Ал бизнес-жоспар, маркетинг анализ сияқты дүниелердің бәрін үйретемін. Сосын 100 000 теңге жалақысынан бөлек әр келісімшарттан 10% беріп отырамын. Мен ешкімнен 3-5 жылдық стаж сұрап жатқан жоқпын, жай ғана жауапккершілігі мол көмекші іздеп жатырмын. Резюмелеріңізді сәндеп, сауатты толтырып, тағы да жіберіп көріңіздер, айналайындар! 

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
РЕЗЮМЕ
1. Аты-Жөні: Серікбай Ербол Амантайұлы
2. Туылған күні: 13.12.1989 жыл
3. Ұлты: қазақ
4. Отбасылық жағдайы: үйленбеген
5. Тілдерді меңгеруі:
• қазақ тілі – туған тілім.
• орыс тілі – еркін.
• ағылшын тілі – сөздік бойынша.
6. Мекен жайы:
7. Байланыс телефондары:
8. E-mail: [email protected]
9. Білімі: Жоғары. 2007-2011 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университеті. Мамандығы: 050602- «Информатика»
10. Білімі мен тәжірибесі:
• SEO, SMM –жүргізу;
• Верстальщик.
• html, css, php негізгі сайт жасау тілдерін білу(www.termin.kz);
• түрлі CMS-термен жұмыс жасай беру(Question2Answer, Joomla
1.5, 2.5, Wordpress 3.4, Drupal 7.0);
• IT тақырыпта блоггер.
11. Жұмыс тәжірибесі:
• 2010 ж. www.termin.kz Үш тілде терминдер қорының сайты,
жасаушы;
• 2010 ж.www.surak-zhauap.kz Сайтын жасаушы, жүргізуші.
Осы күнге дейін сайтты жүргізіп келемін.
• 2011 ж. ОҚМФА-сының Информатика кафедрасында аға
лаборант.
• 2012 ж. www.aitaber.kz Сайтының негізін қалаушылардың
және
жүргізушілердің бірі.
• 2012 ж. www.shymkent.gov.kz Шымкент қаласының
әкімшілігінің
сайтын қайта жасап шығу.
12.Қосымша ақпарат:
• 2011 жылы ұйымдастырылған Blogcamp-2011 белсенді
қатысушысы.
Стартап жүлдесінің иегері (www.termin.kz сайты);
• Қазақ тілді интернетте белсенді Блоггер;
13.Жеке қасиеттері: жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық,
коллективте жұмыс істей білу қасиетке иемін, жаңа білім мен
ізденіске құштарлығым мол, өзіне тапсырылған жұмысты уақытылы
орындаймын. 14.Қызығушылығы: блог жазу, бос уақытта интернетте it-
жаңалықтарды оқу, мобильді телефондар дамуын зерттеу, жаңа енгізілімдер
және жаңашыл процестер мен құбылыстарды зерттеп, меңгеріп, оларды
өмірде қолдана білу, спортпен шұғылдану. Шахмат ойнау.

Керемет жалпак тылмен тусындырдыныз рахмет
Туған жері жазылмаган
+1 дауыс
Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер
Телефон: 8 (7178) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67
Е-mail : [email protected]

Жалпы ақпарат

Жұмыс тәжiрибесi:

“Аймаусым” ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Астана қаласы. Бухгалтер
“Қайсар” АҚ, 2008- осы күнге дейін, Астана қаласы. Бас бухгалтер.

Бiлiмi:

- Орта
1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп

- Жоғары:
2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр.
2004-2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр

Тiлдi бiлуi:

Қазақ тілі – ана тілі
Орыс тілі – еркін
Ағылшын тілі – еркін

Компьютердi игеруi:

1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer

Жеке қасиеттері:

ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.

Қосымша ақпараттар:

Көлік жүргізуші
Халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы

Құштарлығы:

Тілдер үйрену
Кітап оқу
саяхат жасау
Шет тілі-Еркін
Компьютерді игеруі: Enternet Explorer....
0 дауыс

Түйіндеме (Резюме)

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете  білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек  Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- аты-жөні;
- туған жылы, күні, айы, туған жері;
- ұлты;
- жынысы;
- мекен-жайы, телефоны;
- отбасы жағдайы;
- азаматтығы;
- білімі;
- бітірген оқу орындары;
- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
- тілдік дағдылары;
- компьютерлік сауаттылығы;
- жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)
- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

                    Түйіндеме жазғанда  жадыңызда ұстаңыз!
        1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?
Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б.
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.
Қызмет бабымен, саяхатшы ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл машина немесе көліктердің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.
2. Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.

Түйіндеме үлгілері
Т Ү Й І Н Д Е М Е

Аты-жөні: Сұлтанова Назира Айханқызы
Туған жылы, күні, жері: 1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3.
Үй телефоны: 41-00-43
Мамандығым: заңгер, тарихшы.
Сала: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері.
Білімі мен қызмет жолы туралы мәлімет:
Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж.
Ілияс Жансугіров атындагы  университеті  тарих факулътетініц  оқытушысы   /995-1997 жж.
Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факультетініқ студенті — 1991-1995 жж.
Негізгі мәліметтер. Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жүргіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жумыстарға белсене араласамын.
Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын  және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен қолданушы ретінде жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Туркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын.
Әуестіктері  Театрға, спорт жарыстарына барганды, кітап оқығанды ұнатамын.
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.
4 наурыз 2000 жыл  (қолы)      Сұлтанова Н.А.

Түйіндемеде  жұмсалатын терминдер және термин клишелері:

ұлт   _________________  ұлтым – неміс (украин)
азаматтық    ---------------- Қазақстан Республикасының
азаматы білім    _______________ жоғары білімді
орта білімді отбасы   --------------  отбасым бар
жұбай                               үйленгенмін
бала       &nbs

0 дауыс

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Азыханова Динара Сергалиевна

2. Мекен-жайы: Қарағанды қ. Академическая 9\1,50 пәтер

3. Телефон: 442028, 87003166084

4. E-mail:

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 23.06.1990жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: қыз

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған

Азаматтығы: ҚР-ның азаматы

Білімі:

- №92 гимназия – 1997-2006 жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі – 2006- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері еркін

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: еңбекқор, ұқыпты

Қызығушылықтары: кітап оқу, спорт, ноу-хау зерттеу

 

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Ахметова Мадина Биікбайқызы

2. Мекен-жайы: Қарағанды қ.

3. Телефон: 87009642417, 87778933344

4. E-mail: madina11_1@mail.ru

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 09.02.1991 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: қыз

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

- Сыдық Мұхамеджан атындағы орта мектеп, Шет ауданы, Киік станциясы– 1997-2006 жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі – 2006- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: еңбекқор, ұқыпты, салмақты, жауапты

Қызығушылықтары: заң газет журналдарын оқу, деректі фильмдерді көру.

 

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Бейсекин Дархан Ардақұлы

2. Мекен-жайы: Қарағанды қ. Доватора көш, 3\2

3. Телефон: 437816

4. E-mail: dara.90@mail.ru

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 12.08.1990 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Отбасы жағдайы: бойдақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

- №92 гимназия – 1997-2006 жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі – 2006- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: ұйымшыл, тез тіл табысу қабілетіне ие

Қызығушылықтары: спорт, машина, техника, ноу-хау зерттеу

 

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Исмаилов Батырхан Болатович

2. Мекен-жайы: Қарағанды қ. Ерубаева 52/2 - 53

3. Телефон: 87029745310, 87003907251

4. E-mail: batyrhan_2030@mail.ru

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 02.12.1990 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Отбасы жағдайы: бойдақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі – 2006- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: жауапты, тәртіпті, салмақты

Қызығушылықтары: спорт, кітап оқу, машина

 

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Омарова Лаура Омаровна

2. Мекен-жайы: Қарағанды қ. Язева 10-79

3. Телефон: 770682, 87023092575

4. E-mail: [email protected]

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 17.05.1991 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: қыз

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

- №57 мектеп – 1997-2006 жж

- Болашақ колледжі – 2006-2007 жж

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі – 2007- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс, ағылшын

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: жауапты, тез тіл табыса алатын, ұқыпты.

Қызығушылықтары: деректі, аниме фильмдер, корей, жапон тілін өз бетімен меңгеру, шетел авторларының кітаптарын оқу.

 

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Орынбеков Алмас Сабитович

2. Мекен-жайы: Қарағанды қ. Карбышева 1-2

3. Телефон: 87003877123

4. E-mail: almas_f1_90@mail.ru

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 07.04.1990 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Отбасы жағдайы: бойдақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі – 2006- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс, ағылшын

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: жауапты, ұйымшыл, тілге шебер, берген тапсырманы ұқыпты орындау қабілетіне ие.

Қызығушылықтары: формула 1, спорт, дебат, ғылыми жұмыстарды зерттеу

 

Түйіндеме

1. Аты-жөні: Сұлтанмурат Жақсыбай Ержанұлы

2. Мекен-жайы: Қызылорда обл, Шиелі ауданы, Палымша 44

3. Телефон: 87013529631

4. E-mail: jasi_9191@mail.ru

5. Жалпы ақпарат:

Туған жылы: 08.07.1991 жыл

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Отбасы жағдайы: бойдақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің Экономика, Бизнес және Құқық колледжі Қызылорда қ.– 2006- 2009жж.

- Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті (аяқталмаған)- 2009 – 2011жж.

Мамандығы: Заңтану

Тілді білуі: қазақ, орыс

Компьютерді игеру: MS Office

Жеке қасиеттері: момын, жауапты, сыпайы

Қызығушылықтары: спорт, тарихи фильмдер көру

 

Резюме                                                      

Фамилия      Аженеева

Имя              Айнур

Отчество     Мырзагабыловна

Контактный телефон:

Сот 87013130785

 

Местожительство:

 

г. Караганда, ул.Ержанова 31,20

Дата рождения

 

29.01.1991г

Национальность

Семейное положение

казашка, не замужем

Образование

 

Средне-специальное, неоконченное высшее

Специальность

 

050301 Юриспруденция

Специализация

 

Правовое регулирование экономических отношении

 

 

Владение языками

 

Русский, казахский, английский со словарем

Компьютерные навыки

 

MS WORD MS Exceel

Общественная работа в университете

Участие в общественной жизни университета и факультета  

Личные качества

 

Ответственность, коммуникабельность, пунктуальность, честность

 

Резюме

Личная информация

Ф.И.О.                           Альбекова Мадина Гайратовна

Адрес:                           г.Караганда,мкр.Степной 2,д.57,кВ.68

Уровень

образования:                 средне-специальное, неоконченное высшее

Дата рождения:             17 сентября 1990г.

Семейное положение:  Не замужем, детей нет

Образование:

Учебное заведение:      Колледж бизнеса и права при Карагандинском Экономическом Университете Казпотребсоюза

Дата окончания:           Июль 2009г.

Факультет:                    Юриспруденция

Специальность:            Юрист

Форма обучения:         Дневная/Очная

 

Учебное заведение:     Карагандинский Экономический Университет Казпотребсоюза

Факультет:                   Бизнеса и права

Специальность:           Юриспруденция

Форма обучения:         Очная

Дата окончания:          июнь 2012 года

Иностранные языки и компьютерные навыки

Английский язык:    Базовый

Компьютерные навыки и знания:     Опытный пользователь MS Office, Internet.

Дополнительная информация

Личные Качества     Целеустремленность, ответственность, пунктуальность,

                               коммуникабельность, организаторские способности.

Общественная работа в университете

Участие в общественной жизни университета и факультета  

Контактные данные:

Тел.: +7702 999 35 05, +7700 499 38 11

e-mail: [email protected]

0 дауыс

Түйіндеме

Калиева Айгерим Кайрбековна

Туған жылы: 19.07.1992

Мекен-жайы: ШҚО Семей қаласы,Ықшам ауданы,үй20а,54пәтер

Байланыс телефоны: 722250-35-27

Сотовый телефон: 87752806264

E-mail: ai-kerim_92.kz@mail.ru

Қалайтын қызметі: мұғалім, құқық және экономика саласындағы қызметкер

Білімі: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті , мамандығы: «Құқық және экономика негіздері», бакалавр.

Факультет: Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

Кәсіби икемі: Білім беру процесінде инновациялық технологияларды қолдана отырып түрлендіріп сабақтар өткізу; құқық және экономика сабақтарын интерактивті әдістерді пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және осы салада пікірлесу.

Қызметі: мұғалім, құқық және экономика саласындағы қызметкер

Кәсіби тәжірибесі: педагогикалық іс-тәжірибе 2012ж. 39 ЖОБМ 2013ж. 22 орта мектеп 2014ж. ШҚО, Ұржар ауданы, Мақаншы ауылы, Найманбай атындағы орта мектеп КММ

Қосымша ақпарат:

Тілді білуі: Тілді меңгеруі қазақша, орысша-еркін.

Компьютерді игеруі: компьютерлік сауаттылығы Windows XP, Windows 7, MS Office, Internet, PhotoShop,

Жеке қасиеттері: жауапкершілігі мол, ұқыпты, ұйымдастырушылыққа бейім, белсенді, бастамашыл, ұжымға тез бейімделеді, еңбекқор, тез тіл табысу қабілетіне ие.

Құштарлығы: кітап оқу, қолөнермен шұғылдану, сурет салу, ағылшын тілін өз бетімен меңгеру.

 

0 дауыс
Сәлеметсіз бе,  сіздің түйіндеме жазуға берген кеңестеріңіз жақсы екен, маған ұнады. Дұрыс айтасыз қазіргі заманда жұмыс іздеуге үлкен жауапкершілікпен қарап, өмірлік нанынды тауып жейтін істі нақты таңдау керек, және оны осы түйіндеме толтырудан бастау қажет. Өкініштісі, қазақ тілінде түйіндеме жазатын жастар аз.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
Sadikova2004 12.01.2017 Мектеп сұрақ қойды
+1 дауыс
3 жауап
...