0 дауыс
781 көрілді
Ойда жоқ сәтте қоштастық неге ұмыттым сенi қарағым неге өлеңінің толық сөздерін тауып бере аласыздар ма?

1 жауап

0 дауыс

Ержан Ержанбаевтың орындауындағы "Ұмытам сені" әні емес пе? Клипін таба алмадым өкінішке орай.

 Жүктеу үшін мында кір.

Сөзі: 

Ерболат Ержанбаев. Ұмытам сені

1.Талай күн өтті өзіңмен,

Тек сен деп түнде көз ілгем.

Сағыныш деген жалынды

Мен сенен ғана сезінгем.

Сезімнің отын үрледің

Жанымды ұғар кім менің?

Бақытты, тәтті сол шақпен

Қоштасарымды білмедім.

Қайырмасы:

Толғантып мұңлы жанарың мені.

Өртеніп, күйіп барамын енді.

Ойда жоқ сәтте қоштастық неге?

Ұмытамын қалай қарағым сені?2

2.Көңілде қалды елесің,

Түсіме жиі енесің.

Ұмыта алмай жүрмін мен

Сезімнің сонау белесін.

Көремін, бәлкім көрмеспін,

Тағдырға қалқам көнбес кім?

Өзіңнен бақыт тапқанда

Өзіңдей болмас енді ешкім.

Қайырмасы:

Толғантып мұңлы жанарың мені,

Өртеніп, күйіп барамын енді.

Ойда жоқ сәтте қоштастық неге?

Ұмытамын қалай қарағым сені?

Ойда жоқ сәтте қоштастық неге?

Ұмытамын қалай қарағым сені?4

Яя осы!! Рахмет оте коооп!!)(*)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 10.06.2013 Өнер сұрақ қойды
...