Google компаниясының тарихың оқысаңыздар тура бір кинодағы оқиға секілді қызықты, 1996 жылдың қаңтар айында Калифорниядағы Стенфорд универсистетінде оқитын Ларри Пейдж және Сергей Бринның ғылыми-зерттеу проектісі ретінде ашылған.
Сол кездегі іздеуші системалардың іздеуіның нәтижесі, сол беттегі сөздердің қанша қайталануына байланысты болатың, ал Ларри Пейдж және Сергей Брин ерекше нәрсе ойлап тапты. Олар сол бетке қанша адамдар барады және оның пайдасы қанша, сол арқылы іздеуді ойлап тапты. Қазір ол іздеу барлығы дерлік іздеушілерде бар. Google-да ол Google PageRank деп аталады, ал Яндекс-те Тиц және PR деп аталады.
Олардың проектісіне уақыты көп кетіп, оқуға уақыт болмай жатты. Сондықтан олар амал жоқ болашақ Google проектісің (сол кезде ол BackRub деп аталатың) сатуға шығарды. Бағасы да соншалыты қымбат емес 1 000 000 $ болатың. Сол кездегі мықты компаниялар Yahoo, AltaVista және қазір ешкімнің есінде қалмаған компанияларға ұсыныс жасаған. AltaVista тіпті саудаласып бағасың 250 000 $-ға дейін түсіріп, аяғында алмай қойған.
Ларри Пейдж және Сергей Бринның негізгі мақсаты компьютер шығару болатың. Және олар айтқаның істеп жатыр, бірақ құрастырған компьютерлерінің бәрін Google-ға пайдаланып жатыр. Google тіпті әлемдегі №1 компьютер шығарушы компания, ол артыңда HP сияқты ірі компанияларды қалдырып кетті.
Google-дың алғашындағы домендік аты: google.stanford.edu болатың. Әрине, өздері оқыған Станфорд университетінің сайтынан поддомен алды. Ал өздерінің негізгі домені google.com 1997 жылдың 15 қыркүйек күні алынды.
Басында Google-дың дамуына ақша жетпегендіктен, Ларри Пейдж және Сергей Брин әр-түрлі тәсілдермен ақша іздей бастады және оны Sun Microsystems компаниясының негізін қалаушыларының бірі Энди Бехтольшейм-нен 100 000$ алды. Ол 1998 жылдың тамыз айы болатың. Оның жауабы былай болды: "Кешіріңдер мен асығыспын, компанияларыңның аты қандай еді?" және олардың Googеl деп айтқанына қарамастан, ол тез-тез чек жазып жатқанда компания атың Google Inc. деп жазып жіберген. Ол кезде әлі Google компаниясы тіркелмеген еді. Енді чек арқылы ақшаны алу үшін бұлар амал жоқ Google компаниясың тіркеді. Гугл компаниясы 1998 жылдың 4 қыркүйек күні тіркелді.
Google-дың заттары
2001 жылдан бері Гугл көптеген компанияларды, сервистерді сатып алды. Оның ішінде: YouTube, Blogger, Earth Viewer, DoubleClick, GrandCentral, On2 Technologies және т.б. көптеген сервистер және компаниялар.
Google заттары:
1 - Accaunt's - Гугл аккаунттары
2 - Gmail - Гмайл почталық жәшігі
3 - YouTube - Ютубе видеохостингі
4 - Blogger - Блог ашатың Блоггер платформасы
5 - Google Search - Гугл іздеу
6 - AdSense - жарнамалық сервисі
7 - FreedBurner - e-mail таратпа
8 - Translate - онлайн аудармашы
9 - Android - көпшігіңіз білетің мобильді телефондарға арналған Adnroid бағдарламасы осы Google компаниясының заты.
10 - Google Chrome - әлемдегі ең танымал жылдам браузерлердің бірі.
және т.б. көптеген заттары бар.
Google-дың қазіргі таңдағы көрсеткіштері:
1 күнде 1 000 000 000-тан астам іздеулер.
1 күнде 10 петабайттан (10000000000000000 байт, 10000000000000 кб, 10000000000 мегабайт, 10000000 гегабайт немесе 10000 терабайт) астам файл алмасулар.
1 күнде 10 000 000 $ табыс.
http://www.asikpay.blogspot.com/2013/08/googledin-payda-bolu-taryhi.html
Яндекс — Ресейлік IT компаниясы, бірыңғай іздеу жүйесі болып табылады. "Яндекс" танымалдылығы жағынан әлемде 20-шы, Ресейді 1-ші орында. Yandex.ru іздеу жүйесі болып 1997 жылдың 23-ші қыркүйегінде ресми түрде жарияланды. Бастыпқы кезде CompTek International компаниясының ықпалында болған Яндекс, 2000 жылы жеке компания болып бөлініп шықты.