Ұялы құрылғы радиотаратқыш және қабылдағыш болып табылады. Ол халықаралық қағидалар бойынша ұсынылған радиотолқындарға (радиожиілікті электромагнитті өрістерге) шығару шектерінен аспауға арналған. Бұл қағидаларды тәуелсіз ғылыми ұйым (ICNIRP) әзірлеген және оларға жасы мен денсаулығына қарамастан барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған негізгі қауіпсіздік шегі кіреді.
Радиотолқынға шығару қағидалары меншікті электр энергиясын сіңіру формасы(МСН) немесе ағылшынша Specific Absorption Rate — SAR деген өлшем бірлігін пайдаланады. Ұялы құрылғыларға арналған SAR шегі 2,0 Вт/кг болады.
МСН тексерулері барлық тексерілген жиілік ауқымдарында ең жоғары куәландырылған қуат деңгейімен жіберетін құрылғымен стандартты жұмыс күйлері арқылы жүзеге асады.
Өзіңнің ұялы телефоныңның қысқаша нұсқаулығын оқып көрсең , соңғы жағында SAR-дың мәні көрсетілген.Соған қарап қаншалықты радиотолқын сәулесін шығаратындығын білуге болады. Мысалы, менде бөлмеде жатқан Samsung Galaxy Star ұялы телефонындағы МСН мәні 0,710 Вт/кг деп көрсетілген.
SAR дегеніміз - адамның терісінің тініне бір секундта қаншалықты электр энергиясының сіңірілгендігін анықтайтын көрсеткіш. Осы көрсеткіш арқылы мобильды телефондардың адамға қаншалықты зиян екендігін білуге болады.
Ескере кету керек, SAR мәні телефонның максималды қуатта жұмыс істеп тұрған кезінде анықталады. Ал шын мәнінде SAR-дың мәні қоршаған ортаның нақты жағдайына байланысты болады. Мысалы, абоненттің тұрған жеріндегі байланыстың сапасы жақсы болса, шығаратын қуаты соншалықты аз болады.Шын мәнінде ұялы телефонның таратқышының қуатының деңгейі GSM базалық стансасынан басқарылады. GSM телефондардағы қуаттардың максималды мәні шамамен 2 Вт-тан 20 МВт-қа дейін.
Ұялы телефондардағы SAR-дың мәндері
Samsung Duos телефондарының SAR мәндері
Телефон мәндері SAR, Вт/кг
Samsung Galaxy Y Duos 0,69
Samsung Galaxy Y Pro Duos 0,57
Samsung Galaxy Ace Duos 0,65
Samsung C3752 0,53
Samsung C3322 0,91
Samsung Star II Duos 0,74
Samsung Star III Duos 0,66
Samsung C3782 0,61
Samsung C3312 0,88
Samsung E2232 0,86
Samsung E1182 0,99
Samsung E2222 0,72
Samsung B5702 0,36
Samsung B5722 0,69
Samsung B7752 0,71
Samsung C5212 0,86
Samsung C6112 0,45
Samsung E2152 0,79
Samsung Champ E2652 0,84
Samsung SGH-D880 0,22
Samsung SGH-D980 0,45
Ақпараттар ұялы телефонның қысқаша нұсқаулығынан және орыс Уикипедиясының SAR туралы мақаласынан қысқаша аударылып жазылды.