+1 дауыс
13.0k көрілді
Жиренше шешендік сөздері керек ?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір күні хан нөкерлерін ертіп, серуенге аттаныпты. Еріккен ханға ермек керек, қасына Жиреншені шақырып алып, сампылдап әңгімені соғып келеді. Күн желдеу болса керек. Бір адырдан аса бергенде, ханның алдынан жел қуған бір түр қаңбақ домалап, ұшып бара жатады. - Уа, Жиренше, анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады екен? Сұрап келші! - дейді хан. Жиренше шауып ала жөнеледі: жетіп барып, қаңбақты қамшымен ұрып тоқтатып, біраз бөгеледі де аздан кейін қоя беріп, ханға қайтып келеді. Жел құған қаңбақ бөгелсін бе, домалай жөнеледі. - Уа, Жиренше, сөйлестің бе, не айтты қаңбақ? Қайдан келеді екен, қайда барады екен делегейленіп? - дейді хан. - Сөйлестім, тақсыр! Сөгіп алды өзімді, - деп жауап береді Жиренше. - Ал, айт қаңбақтың не дегенін? - Тақсыр, соны сұрап не қыласыз. "Желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам: желге ұшам, сайға қонам, оның несін сұрайсың? Білмеуші ме едіңдер? Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па?" деді де, қаңбақ ұша жөнелді, тақсыр, - дейді Жиренше. Хан ұялғаннан ешнәрсе дей алмай қалыпты.
0 дауыс
Ел ішінде Жиренше айтыпты деген әңгіме көп. Соның бірінде дуалы ауызды шешеннің тапқырлығына тәнті болмай отыра алмайсыз.

Қай заман екені бір Аллага аян. Жиреншенің атына сырттай қанық хан оны бір көрмекке, жүзбе-жүз отырып көшелі сөзін естімекке құмартады. Шақырту алған шешен айтқан уақытында хан сарайына келіп, табалдырықтан аттаған бойда:

Бір жасыңыз мың болсын! - деген екен.

Хан кісі тыңдап, ой түюге пейіл тұрады. Әзгенің асылын ажырата алмаса да жасыгына мін тағуға бейім келеді. Сол мінезбен Жиреншенің әлгі бір ауыз сөзін ұнатпай:

- Киелі орынның мәртебесіне сай сөз тауып айттым деп отырсың ба? - дейді мұқатыңқырап.

Жиренше аспай-саспай: "ділмөрім, бетіңді бір қайырып тастадым ба?" дегендей, тары на шалқая түскен ханға тіктей қарап:

- Сөзіңізге кұлдық, хан ием, - деп назарын өзіне аудартады. Адам өзі мың жасамайды, артында аты қалса, атына сай сөзі қалса, аты атына сай сөзі мың жасайды. Екінші мына опасыз жалған дүниеде бір көрген қызық дәурені бір күнге бергісіз болса, сол бір күннің өзі мың жылға татыр қызық дәуренмен өтсін деп едім. Сөзге тоқтаған хан Жиреншеге сол жерде астына арымас ат мінгізіп, үстіне тозбас шапан жауыпты.
...