+1 дауыс
486 көрілді
Қазақ халқын қандай аңға, құсқа, жануарға теңер едіңіз?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақты - арғы атасы қанатты барысқа, тұқымынан тараған тараған көкбөріге теңер едім. Бұл қос жануар жауларына ешқашан есесін жібермейді. Және аспанды билеген, еркіндіктің ерені самұрық дерем қазақты. 

+1 дауыс
Қазақ халқын қиядағыны көзі шалатын қырағы Қыранға,Барысқа ұқсатар едім,бірақ тап қазіргі қазақ халқын -момындығы,шыдамдылығы сондай,бауыздап жатқанда бір дыбысын шығармайтын байғұс момын қойға ұқсатамын.
1.Аң-Барыс.
2.Құс-Қыран.
3.Жануар-Қой.
+1 дауыс
Жұбатхан! Қазақ тышқанға тең. Әрқайсысы жеке өмір сүреді, бірақ ұйымшыл. Тапқанын үйіне тасиды, бірақ көршісіне ештеңе бермейді. Қанша қырғын болса да, жойылмайтын халық ))
+1 дауыс
Қазақстанды бар аңға теңесекте болады. Әмбебап ғой Қазекең
...