Нәзира атты қызға өлең шығару қажет еді, идея саласыздар ма?

0 дауыс
2.2k қаралым
Нәзира атты қызға өлең шығару қажет еді, идея саласыздар ма? Сүйдім, күйдім емес, дос қызға.
Өнер
осындай қызға арналған шумақ-өлеңдерді  жаза алатын адам болса, Ж Х арқылы хабарласыншы,

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Д-- Достықтың таңы нұрланып,

О-- Орын алды жүректен...

С-- Саған жазам бір жырды,

Ы-- Ықыласпен..тілекпен..

М-- Мендегі жүрек мұң шалса,

Н-- Нағыз досым сен болдың..

А-- Арман қуып жете алмай,

З-- Зарыққанда ем болдың..

И-- Иландым дос деп өзіңе,

Р-- Риясыз сеніп сөзіңе

А-- Арманның бәрін жасырам,

С-- Сенің мөлдір көзіңе...

Е-- Емін тауып жұбатар,

Н-- Неткен ерек жан едің..

Ү-- Үмітке орап өзіңді,

Ш-- Шын достыққа теңедім...

І-- Іспен емес жүрекпен,

Н-- Назира саған сенемін!!!!......
Агенттегі СЖ конфына келіңдер ) сонда қызық айтыс болады.
о о о ...қашан?!
Кеше түнде болған... Бүгін де болуы мүмкін.
(((мен білмей қалдым ғой......
Оған қалай барамыз менде айтысып корейн
агентте конф ашылған болатын..сол жерде болған..
Мәәә, күшті екен...
+1 дауыс

Тасып бара жатқан ақындығым жоқ...

Күлімсіреген көздерің

Қуанышқа бөлейді.

Тәтті-тәтті сөздерің де

Жылы-жылы жебейді.

Алма болған қызыл бетің

Сыйластықты теңейді.

Шиедейін еріндерің

Еліктіріп сөйлейді.

Жібек жіптей қара шашың

Тұңғиыққа билейді.

Қабақтағы қара қасың

Басқа қызға келмейді.

Осы айтқан көркем сөздер

Назираны көздейді.

Ақылшы дос Назирадай

Мына әлемде кезбейді.

Мүмкін, тағы да жауап жазатын өлеңнен хабары бар қолданушылар жазар, бәрінің жауабын тыңдайық.
сіз де өлең жазасыз ба?!
Еріккенде ермек қой))
))))))жақсы ....
+1 дауыс
бас әріптерін қосқанда Досым Назира сөзі шығатындай  сияқты етіп жазуға болады..егер қажет болса өлең жазып берейін..жауапқа кешігіп қалмасам....
Кешіккен жоқсыз, қолыңыздан келгенінше істесең рахметімді айтар ем.
қолымнан келгенше жазуға тырыстым...ұнамаса айтарсыз...

Ұқсас сұрақтар

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы