0 дауыс
10.7k көрілді
орта тас ғасырының кезеңі деп қай мың жылдықтарды айтады?

2 жауап

0 дауыс

Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1 — 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады (Микролит). Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті. “Мамонттық фауна” құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды қаумалап ұстау, қуалап аулау, тағы басқа аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді. Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1 — 3, Маятас, Бөген, тағы басқа), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, тағы басқа), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбово — 2, Явленко — 2, тағы басқа), Атбасар төңірегінен (Тельман-7, -8а, -9а, -14а, тағы басқа), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды-15, тағы басқа), Торғайдан (Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка, тағы басқа), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, тағы басқа), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек-21, Шідерті, тағы басқа), Маңғыстаудан (Шақпақата-2, Қызылсу-1, тағы басқа) табылды.[1] Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уакытгың материалдык мәдениеті туралы алғашкы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды25.70—80-жылдардағы В.Ф. ЗайберттіңЕсіл өңірінде, В.Н. Jlor- ішннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және онын далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардын аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялык зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрак ашылды. Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамакқ табудың бұрынғы әдістерін (камалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік кұралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін тұгызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болган бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылыгы элементтері пайда болып, баскаларында балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі калыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әp түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. X — VII мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орың ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялык мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Тас ғасырының аяғына карай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр кұрамы едәуір артып: жылқы, коян, сутышқан, кұндыз, касқыр, түлкі, аю, кабан, елік, бұлан, қарақұйрык, киік, бизон, түр болды . Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау палеолит дәуірінде калыптаскан тобырлы түрде қамалап және қуалап аулау дағдысы жойылмады. Бірақ Қазақстан тұргындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады. Алғашкы аншылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғаскан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халык санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- на қоныс аударады. Мезолиттік тұрактар осы кезге дейін палеолитгік орындар табылмаған жерлерде пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрактар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолитгік (неғүрлым ертедегі) тұрактардың қазірдін өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындыктар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық калдыктар калмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29. Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана калган. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ. Шынына келгенде адамга ол жоғаргы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылык өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садак пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа кару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен катар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді. Мезолитте еңбек күралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болтан жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, канжардың, жебе мен найза үшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2—1 см пышақ сияқты тасқалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілді. Сөйтіп осындай қалақша бейімделген нұсқаның түпкі түрі ретінде (оның үстіне Қазақстан аумағында ғана емес, іс жүзінде бүкіл әлемде) кеңінен таралды. Бейімделген нұсқаны қосымша өндеу және оларды негізге немесе сапқа бекітудің әр түрлі әдістері арқылы іс жүзінде кез келген еңбек кұралын дайындауға болатын еді. Сол кезде олардың жаппай таралғандары мыналар: жебелердің, шанышкылардың, найзалардың үштары, тері өндеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, әр түрлі түйреуіштер, теріні, сүйек пен ағашты өндеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар. Тас сыныктары- нан көбінесе кырғыштар жасалған. Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық калдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер үштарының түріндегі және бейімделген нұсканы қосымша өндеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная тұрақтарындағы геометриялык нысанда кыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы кыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтықта, хроноло- гиялык та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал-Каспий суайрығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты31. Маңғыстаудың мезолипіктүрағы (Кызыл- су- 1 және баскалар) мен Солтүстік-Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік- Батыс (Дефе-Шығанак) Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассимметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалакшалармен және қабаттары өнделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.

бұл жерде мынадай варианттар берілген:
a)Б.з.б 12-5 мыңыншы жылдықтар
b)Б.з.б 2 млн 500 мың-12 мың.жылдықтар
c)Б.з.б 5-3 мың.жылдықтар
d)Б.з.б 40-12 мың.жылдықтар
e)Б.з.б 3000-2800 жылдар.

Дәлірек айтқанда қайсысы?
a)Б.з.б 12-5 мыңыншы жылдықтар
Бұл ОЖСБның 9233 нұсқасының 2 сұрағы ма
0 дауыс
A жауабы! «Орта тас ғасыры (мезолит)» (б.з.б. 12-5 мың жыл)
...