0 дауыс
7.8k көрілді
Маған өтірік өлең керек еді. Жаңа өтірік өлең бар мекен.Болса жазыңызшы өтінем.

1 жауап

+2 дауыс

ӨТІРІК ӨЛЕҢ
Ұстап ап инелікті Айға сапар шектім,
Айшылық жол жүріп, әрең жеттім.
Сол Айдың жерін жыртып, егін егіп,
Екі мың тонна өнімін алып кеттім.
Мейірман ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ,
М.Х.Дулати атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.
Ықыластемір ауылы,
Ордабасы ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы

«ЕКІЛІК»
Қарамадың сабақты,
Жаның соны қалапты.
Ойын қуған балаға,
«Екілікті» жамапты.

Мен боламын «екілік»,
Көрме мені өтірік.
Басына мен жалқаудың,
Шығып алам секіріп.

Маған ашқан «есігін»,
Жалқаулардың досымын!
Тілеп алған өзің ғой,
Неге менен шошыдың?

«Екі» «үшке» айналмай,
Сағы сынып қалмағай.
Оқыса егер жалқауым,
«Беске» айналам қиналмай.

Екі елі бөлінбей,
Жабысамын желімдей.
Құтылуды ойласаң,
Сабақ оқы ерінбей!
Назерке ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,
11 «В» сынып оқушысы.
Сексеуіл кенті,
Арал ауданы,
Қызылорда облысы

Ақпарат алынды!

...