Менің жеке көзқарасым, жақсы көру мен ғашықтық екі түрлі, себебі: ғашықтық махаббаттың екінші этабы, ұнату ең бастапқы этабы. Ал "жақсы көру" дегеніміз қазірде жастар жиі қолданып жүрген "сөз тіркесі". Бұл сөз тіркесін көбінше бір нәрсені ұнатып,сол іспен машықтанғанды қалайтын сәтте көрініс табады. Мәселен : Мен шаңғы тепкенді жақсы көремін. Ұлпанды қазақ елі "ел анасы" ретінде жақсы көрді. Екінші сөйлемде байқасаңыздар елдің махаббаты туралы айтылып отыр. Міне бұл мысал арқылы осы сөз тіркесінің қолданыс аясының кең екенін аңғарамыз. Байқап қарасақ, екеуі де бір нәрсені меңзейтіндей көрінетіні осыдан.....
Ал енді әдеби тілмен жауап қатсақ,
Фариза апамыздың өлеңі:
Жақсы көру
Өмірің таңдай болса арайлаған,
қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы: - -
Жақсы көру, жақсы көру,
не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге,
қуанып қөз ілуге
адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен,
ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен,
өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге содан бері алаңдамай,
жүрегім жанарыңа қамалғаны-ай!
Ғажайып күй кештірген сезім -сәуле
өзімді жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.
Абай атамыздың жазғанына назар салсақ,
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.