–2 дауыс
18.0k көрілді
Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстанның айырмашылығы?
Халықтарының айырмашылығы.

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Халқының айырмашылығы дейсіз бе? Ымм, айырмашылық емес, ерекшелік деген дұрыс болар.  Аталмыш өңірдегі халықтардың тұрмыс-салтындағы ерекшеліктер отаршылдық кезеңіндегі тарихи факторлардың әсерінен пайда болған. Екі өңірдің қазақтарын түбегейлі ажыратып беретіндей үлкен ерекшелікті байқай қоймадым, тілден басқа.

Шетелде біраз уақыт тұрғанда түсінгенім, біз аз екенбіз. Жеріміз байтақ болғанымен, тым аз екенбіз!!!

Айырмашылық емес, ұқсастық іздейтін заман екен, ағайын!!!
Сондықтан сіз сияқты ханымдар 7 баладан таппаса көбейе алмаймыз.  Қазіргілер 2 баладан ғана туады да көбеймейміз олай,  тек  сол санды ұстап тұра береміз өсім болмайды. Негізгі ойыңыз өте керемет.
Неге дүниеге ұрпақ әкелуді әйелдердің үлесі сияқты қарайды екен қазіргі қоғам?
Әйел баланы күлге аунап туа ма? Жалғыз асырай ма?
Неке деген институт ер мен әйелден құралады. Әр қайсысының өзіне тән құқықтары мен міндеттері бар.
Тағы бір айтарым, Сіз сияқты мырзалар "бала табу" деген сияқты біраз дөрекілеу сөздерді қолданбаса, санымыз ғана емес, сапамыз да артар ма еді, кім білсін...
Сан  бар жерде сапа міндетті түрде бар!. Мысалы : Өзбекстанда 31 миллион халықтың жартысын ақымақ дей салайық, сонда да 15 миллионы ақылды болып қалады. Ал қазақстанда 16 миллионның  жартысын солай етсек қиындау болады екен.
Күлге аунатқызып қойып, шыдап қарап тұра алмайтын шығармыз. Жүрміз ғой  қазақтың жігіттері  тізгінді жібере саламыз.
Кккк) Не айтқым келгенін түсінерсіз деп ойлап ем))
Айналамыздағы көршілердің бәрі бойдақ келіншектер, шеттерінен мис, олармен ойнап күлуге, қазақтың санын көбейуіне  атсалысып жіберейік десек,  қалтамыз көтермейді екен,  бір отбасыңнан артылмайды тапқаның, кризис  әдейі жаулап алған, осылар көбейіп кетпесін деп. Әттең ақшамыз көп болса ғой. солардың басын қосып жіберіп, гарем жасап алатын. Олар давай деп тұр ғой.
Пах шіркін!! Нағыз "ұлт жанашыры" екенсіз ғой. Осындай жоспарыңызға болайын!!!

А сосын... "бойдақ келіншек" деген сөз болмайды!!!
Күйеулерімен ажырасып кеткен, күйеулері қайтыс болып кеткен, күйеуге тиуге уақыты жоқ деловая  жас келіншектер ғой  бәрі. көп оқып жүріп қалғандары да бар. Солрдың бәрі нағыз мама боладығойі, әттең кризис ! Мойындарында кредит!
Ойнап айтсам да болып жатқан өте маңызды мәселелерді айттым. Ал сенің ойыңды да жақсы түсініп отырмын,  сені де сынап алдым не айтар екен деп.  негізі мен  адамдарға қатты көмектесіп жүрген жігітпін.
+2 дауыс
оңтүстік ыстық болады,ал солтүстік салқынырақ
Солтүстік Қазақстанның қысы суық және онда орыстар көп.
Айытқым келгені халықтарының айырмашылығы. Халықтарында не айырмашылық бар?
+4 дауыс
Солтүстік Қазақстан солтүстікте орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан оңтүстікте орналасқан.
)))))))))) Халықтарының не айырмашылығы бар?
+1 дауыс
Халықтарының айырмашылығы айтпаса да белгілі. Бірақ, мен айтайын)). Солтүстік халқы көбіне орысша сөйлейді. Оңтүстіктегілер өзбек ағайындарымызға ұқсап кете маа? Көпке топырақ шашпаймын. Жамандап та айтпаймын.
Тағы да паш - паш етіп тастасай))
+3 дауыс
Алдын ала айтып қояйын. Бұл саяси сөзім емес. іріткі салу емес. тек айырмашылығын жаздым.

 Мен оңтүстіктенмін. сырт көзге өзбекке ұқсатып жатыр екенсіңдер. өз пікірлеріңе қарсы шықпай ақ қояйын. біз өзбекке ұқсамаймыз деп қояйын жылы ғана.  болды.
айтқым келгені мына екі жай:
1. солтүстікте орыстар көп, біз жақта шыны керек өзбек, түріктер баршылық. Солтустіктің қазақтары өздеріне келген қонақты өздеріне басындырғаны деп түсінсем бе екеееен... әйтеуір солардың тілінде сөйлеп кетті 60 пайызға жуығы. мүмкін одан да көп шығар.? Ал біздің жақта өзбек, түрігімен, орысымен қоса қазақша сөйлетіп қойғанбыз. айырмашылығы осы.
2. Түркі ағайыны мұсылман ғой бір жақсы жері.
Ұрыстыру үшін қойылған сұрақ емес қой, әрине. Бірақ біліп жүрген жақсы ғой. Солтүстік -орыстар ордасы, Оңтүстік - нағыз қазақтардың қоймасы деп мақтап қойсам болатын шығар ?)))
қоймасы......
ия, сол жерін ойланбай жаза салысың ұйқасқа қарап)
Негізі мұндағылардың бәрінің өлең шығара алатын, әдебиеттен хабары бар кісілер сияқты ғой, өлеңдерімді сынатсам қайтеді?)
+1 дауыс
Жұбатхан! Сұрақты дұрыстап қою керек. Қандай айырмашылық керек саған: географиялық, климаттық, әдет-дәстүрлік, әлде басқасы ма?
Негізі әдет  - дәстүрлік, яғни халқының айырмашылығын айтқым келген, жазуды ұмытып кетіппін.
–1 дауыс
көөөпқо айырмашылық)) мысалы5а онтустык онтустыкте ал солтустык солтустыкте)))
1.Күлкілі емес, Елекенің әзілін көшіріп алғансың.
2.Қатесі өте көп.
3.Сұраққа дым қатысы жоқ жауап.
–2 дауыс
Осы солтустіктегі қазақтарды түсінбедім,  Шымкентте өзбектер көп деп көздері шыға үрейлене қарайды, ал өздерінің яғни "керейлерді" және оның жақын туыстарының ДНК- сын тексеріп жіберсең түпкі аталары Өзбек болып шығады екен.  Факт бар !  Ал  Шыменттің қазағының ДНК-сын тексерсең Үйсін немесе Қаңылы, Сіргелі болып шығады (Өзбекке 10 қайнаса сорпасы қосылмайды). Қоңыраттарды кейінірек  Төлеби монғолия жақтан көшіріп әкеліп Шәуілдір, Жетісай, Шардара жаққа қоныстандырған.Ал қоңыраттар Қазақстанда Қазақ болып кетті да, өзбестандағылары өзбек болып кеткен.Олардың руларын талай рет сұрастырып зерттеп тастағанбыз.
Солтүстікті ақыры осылайша Қазақстаннан бөле беретін болсаңыздар, ақыр  аяғы Ресейге қосыламыз!  Кейін өкінбеңдер!  Бөліп жару гуманистік емесс!  Cолтүстікте салт-сана сақталған. Оңтүстікте тілдері өзбектерге, дәстүрі өзбектерге тартты деп тиістік пе?! Солтүстік халқы Қазақстандағы ең тыныш жай жатқан халық! Қазақстан унитарлы мемлекет. Ол бөлінбейді, бөлуге де тұрмайды Алла жазса!
+1 дауыс
Озим онтустикте туып, онтустикте остим, солтустик адамдарынан айырмашылыгымыз аз емес. Сойлеу тилимиз де баска. Солтустиктен келген достарым бар, жигитим де сол жактан. Шын айтсам, биз казакша онша сойлей коймаймыз.казакша сойлеуге басында киналгам, жигитим тек казакша сойлегесин, озим де сойлеп кеттим. Минез-кулыктары,Оз-озин устау манери де баскалау. Адеп-гурыптарымыз бирдей, бирак бизде оларды калай керек,солай жасамайды , жане сол адеп-гурыптарды тек жасы келгендер, ата-ажелеримиз биледи , ал бойжеткендер мен жигиттер билмей кояды. Барлыгы билмейди дей алмайм, билетиндер бар,бирак аз. Онтустиктегилер кыздарына баскаша карайды, айткым келгени, коп тыйым салады, кызы айтканын истеуи тиис. Солааай) онтустикте улкендерди кобирек сыйлайды,солтустиктен караганда.

Не обобщаю, но в большинстве случаев это так)

P.S. Менин казакшам ушин кеширерсиндер☺️
Сен ресейден келген болсаң кешірер едік. Шымкентте туылып қазақша білмесең ол кешірілмейтін нәрсе.  Шымкент деген қазақтың қаймағы болып саналады, ал сен су қосылған сүт болып кеттің ба.
0 дауыс
Мен екижакта дурыс деп есептеймин бирак онтустик жак жаныма жакын бирак бир мемлекет астында тургандыктан аман журсек болды одан артик ештене жок!
0 дауыс
Бір Қазақстанның іші болса да айырмашылық бар. Оңтүстіктің адамдары мейірімді, жылы жүзді келеді. Ал Солтүстіктің адамдары қатал, бірақ шыншыл, өз жұмысын адал атқаратындар. Солтүстіктің қалалары таза. Диалект бойынша да айырмашылығын атап өтсек Оңтүстік адамдары кішкентай деген сөзді кіттай десе, солтүстікте біттей дейді. Қиярды-әгүршік, қарбызды-арбыз, орындықты-тақ деп айтады. Мектепте оңтүстік адамдары мұғалімге апай, ағай десе, солтүстік адамдары аты-жөнімен атайды. Солтүстік адамдары өздерін нағыз қазақша сөйлейміз деп ойлайды, бірақ әр сөзіне төл дыбыстарды қосады. Мысалы сәбақ, тәмақ деген сияқты. Солтүстік қазақтары расымен орысша сөйлейді және қазақша аз біледі. Тәрбиесіде, салт-дәстүрі де басқаша. Оңтүстіктің қалың малы деген ұғымды дұрыс санамайды. Тамақ жасауларыда басқаша, бір-бірінен үйренетіндері көп. Екі жақтада тұрып көру өте қызық.
...