+2 дауыс
25.7k көрілді
қайызғақты қалай кетіруге болады. қайызғақ унме кетіретін шампунмен жусам қаптап кетеді. қайызғақ кетіретін дәрілерді қолдансам зиян емес па?

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

Қайызғақты кетіру
1. Қайызғақтан шаш түсіп, адам басы тіпті тақырбас болып та қалады. Қазақ даласында оған ем болатын өсімдік алабұта (алабота деп те атайды), сора шөптер. Оларды жинап алып кептіреді, қажет кезінде түйгіштеп ұнтақтайды да сиырдың айырған майына қосып қойыртпақ ботқа жасайды. Соны басқа жағып, басты орамалмен байлап жүреді. Күн аралатып басты ыстық сумен жуады. Шаш тым қалың болса сабынды қолданады. Жалпы, қайызғақ кеткенше басты сабынмен жумай тұра тұрған дұрыс. Тарақпен тараса да жеткілікті.

2. 100 гр қалақай жапырағын жарты литр суға сірке суымен қосып, жарты сағат қайнатады. Қайнап болған соң сүзіп, ештеңе қоспай, тек өзімен ғана 8-10 күн сайын басты жуады.

3. Құрғақ шаштағы қайызғақты былай кетіреді: тініке ожаудың немесе кішкене мескенің түбіне 3 қасық өсімдік майын құяды. Шамалы қыздырады. Шаштың арасын жік-жік етіп алып, мақта оралған таяқшамен әлгі жылы майды шаштың түбіне, құйқаға жағады. Сосын басқа полиэтилен қалта киіп, сыртынан түкті сүлгімен орап тастайды. Сосын мынандай қоспа әзірлейді: 3 қасық өсімдік майын тініке ыдықа құяды, оған 2 шай қасық алма сірке суын қосады, шамалы қыздырады. Бұл қойыртпақты шашқа жағып, 2 минуттан соң жұмыртқанын сарысы қосылған жылы сумен шашты жуады. Мұнан кейін 1 леген суға 1 шай қасық сірке суын қосады, шашты соған малып шайып тастайды. Шаштың ағаруы Шаштың ағаруы адам ағзасының мал өнімдерін тым көп тұтынуынан да болады. Шашы ерте ағарған адамдардың миға қан құйылу, жүрегінің қа- бынуы, қысылуы, құяң, артрит тәрізді ауруларға бейімділігі басқаларға қарағанда өте жоғары. Адамдар қартая бастағанда шаштары пигменттерін жоғалтып, ағара бастайтындығы анық. Шаш адам 20-30 жасқа келгенде де ағара бастайды дейді дәрігерлер. Ал ағарған шаш жіңішкере түседі екен. Дұрыс күтілмеген шаш немесе ол ауруға шалдықса, адам созылмалы ауыруға ұшыраса да шаш түседі. Алкогольден, темекіден созылмалы улану да шашқа өте зиянды.

Ақпарат алынды!

0 дауыс
Дәріге жүгінудің қажеті жоқ. Хед эн Шолдерз шампунімен шашыңызды күн ара жуып жүріңіз.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
2 жауап
...