+1 дауыс
664 көрілді

Мой мир, facebook, twitter, в контакте секілді қазақша әлеуметтік желі қашан ашылмақ? Неге орыстың не басқа да шет елдің әлеуметтік желісімен жүргенше өзімізге ашып алмаймыз?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер ондай әлеуметтік желі ашылса да, оны ешкім қолданбайды.

Бұрын бір әлеуметтік желі ашылғанын білемін. Қазақстандық, дизайны да жаман емес. iLike.kz деп аталды. Мүмкін, білетін де шығарсыздар. Өзінің 'қазақстандық фишкасы' да болды. Анкетаңа руыңды, тарауларын жазып, өзіңе жақын адамдарды іздеуге болатын еді. Бірақ көп кешікпей жабылып қалды. Қазір ол сайт el.kz деп атауы мен бағытын ауыстырды.

Түйін: Қазіргі қолданыстағы желілермен бәсекеге түсу үшін желі өте жақсы деңгейде болу керек және бағыты, қызметі жағынан басқаша болу керек. Егер ол желі қанша жерден қазақстандық(қазақша) болса да, оған ешкім вк-ны, фэйсбукты тастап бармайды. Себебі адамдарға екінші 'Вконтакте' керек емес. Мысалы инстаграм аз уақыттың ішінде қолданушылар санын көбейтіп алды. Осындай кревативті өзгеше дүниелер керек қой, қысқасы.

Менің ойым осындай.
Қазақша iLike.kz әлеуметтік желі ашылғанын естімеппін. Жауабыңызға көп рахмет.
+1 дауыс
Енді енді дамып келе жатырмыз ғой ашылатын шығар!
0 дауыс

Қазақстан жаңадан дамып келе жатыр.Бұйырса,интернетті жақсы білетін қазақ ашатын болар.

0 дауыс
алла бұйыртса ашылып қалар

Ұқсас сұрақтар

...