+2 дауыс
1.8k көрілді
Ауылға газ келе бастады толық. Былтыр аз ғана үйлерде бар еді. Бірақ газ пешкесімен қырық күн шілде түсетін аязды күндері үйді жылыту қиын. Сол үшін жылда 3-4тонна көмір аламыз. Әжем үнемі көмірге көңілі толмай жүреді бірақ-" Жақсы жанбайды","тұтануы қиын","қоқымы көп"деп . Шынымен де алған көмірдің 1тоннасы жарамсыз болып шығады соңында.Сапалы көмір қандай болады?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көркем қыз! Жақсы уақытылы қойылған сұрақ, плюс 1. Біз көмірдің "Қаражыра" ( Семейдікі болу керек) деген сортын сатып аламыз. Бір уыс отынмен тұтанады, күл аз шығады, шоғы ұзақ тұрады. Қызуы жақсы.
Ол көмірді "Қаражыра "екенін қалай анықтаймыз?
Көркем қыз! Сатушыдан сұрап білесің ))
Сіз түсінбедіңіз . Арине сұраймыз ғой. Бірақ қазір адамдар  саудасын жүргізу үшін не істемейді?!  Қаражыра көмірі ме десең ия дей салады да. Әлде сол  жерде жағып көру керек пе?! Майда бола ма, ірі ірі ме?!
Көркем қыз! Сатушыға "маған Екібастұздың бірінші сорты керек еді" дей сал. Сосын басқа адамдарға не деп айтатынын тыңдап көр. Асықпа. Сол жерде бәрі де анықталады.
...