Асыл тастарды жасандысынан қалай ажыратады?

+2 дауыс
2.3k қаралым
Маған жемчуг, сапфир , изумруд қатты ұнайды. Жұлдызнамада да сондай тастар сәттілік әкеледі деп жазыпты. Сапфир адамды жаман ойлардан арылтып , күш қуат береді. Ал изумруд көз ауруына ем, гауһар қан қысымын ретке келтіреді екен. Қысқасы асыл тастардың бәрі пайдалы. Қымбат тұрса керек өздері де. Сол ұнатқан тасты ақша жинап алдым делік, ал ол подделка болып шықса қайтемін?! Маржанды , сапфирды .т.б жасандысынан қалай ажыратуға болады?
Қызық сұрақтар

1 жауап

+2 дауыс
Ювелирлік тастар асыл тастар және жартылай асыл тастар деп бөлінеді. Жартылай асыл тастар ( орысша самоцветы ) өте көп қолданылады. Ең адамға пайдалысы - жақұт ( янтарь ). Жақұт моншақ зобпен ауырған адамды ауруынан жазатыны дәлелденген. Зүбаржат ( изумруд ) жұмсақ жасыл түсті болғандықтан көз ауруларына жақсы.Ал гаухар ( бриллиант ) әрине қан қысымын ретке келтіреді, өйткені ол таққан қызға жақсы көңіл-күй әкеледі ))
Жасанды асыл тастар туралы. Асыл тастар сирек кездесетіндіктен, оларды қолдан жасау технологиялары жасалып, өндіріске енуде. Мысалы, жасанды алмазды шыны кесуге қолданады. Жасанды рубинді лазерлік приборларда пайдаланады. Ең танымал жасанды асыл тас - ол жасанды тау хрусталі, оны Сваровски тастары деп атайды.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
5 жауап
17.09.2014 Денсаулық Белгісіз сұрақ қойды
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы