+1 дауыс
2.5k көрілді
Татуировканың пайдасы мен зияны қандай?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Татуировка – теріге ине арқылы салынатын сурет. Татуировканың тарихына тоқталар болсақ, ол осыдан алты мың жыл бұрын басталған. Ежелде оны көне тайпа адамдарының ұлттық ерекшелігі ретінде санаған. Ал кей тайпаларда жазаланған адамның денесіне осылай сурет салып, масқаралайтын болған. Бұл тәсіл Египетте, кейінірек Жапонияда, Қытай мен Мексикада, Никарагуада қылмыскерлерді жазалау үшін пайдаланылыпты. Ал бүгінгі таңда денеге суретті сән ретінде салдырады. Адамға аманат етіп берілген дене мүшелерін қолдан бүлдіруден артық келекенің де, жазаның да керегі шамалы. Алайда, мұны ұғынып жүргендердің қатары некен-саяқ. Одан қалды, татуаждың көмегімен бет пішініндегі көріксіз тұстарын түзеткендер мен түзеткісі келетіндер көп-ақ. Оның ауыр және жеңіл түрі бар. Жеңілі бірнеше айға, ал ауыр түрі 1-2 жылға жарамды. Бұрынырақта денеге сурет салу үшін пайдаланылған қызметтің бұл түрі қазірде көз, қас, кірпік, ерінге де өлшеусіз «қызмет» етіп келеді. Ендігі жерде өз қолымен қарындаш арқылы қасты, көздің жан-жағын, ерінге «шеңбер» сызатындар саны азайды. Оған себеп бүгінде қасыңыз ұнамаса – түп-түзу етіп, ерніңіздің пішіні ұнамаса – үлкейтіп, кірпігіңіз сирек болса – қалыңдатып алу оп-оңай. Осы күні татуаж жасатушылар өте көп. Қай жерде болмасын, екінің бірінде татуаж. Ол ол ма, егде тартқан апаларымыз да жастардан қалысар емес.
Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

https://surak.baribar.kz/224764/

Еуропа ғалымдары татуировканың қаншалықты зиян екенін алға тартып, дабыл қағуда. Денеге сурет салуға қолданылатын бояулар қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін.  

Дегенмен, оның алдын таңба салу кезінде барынша аз сияны қолдану арқылы алуға болады.

"Қатерлі дертті анықтау үшін біраз уақыт өтуі тиіс. Алайда, құралдардың дұрыс еместігін күтуге 20 жыл қажет деп ойламаймын" дейді Брэдфорд университетінің ғалымы Десмонд Тобин.

Ақ халаттылар бояу құрамында кездесетін токсиндердің көкбауыр мен бүйрекке теріс әсер ететінін айтты.

http://lite.bnews.kz/kk/news/post/7992/

Ал пайдасы меніңше "жоқ".

...