Барлығын білмеймін. Биік ғимараттар көбіне Астан мен Алматы қалаларында емес пе?
1. "Абу-Даби Плаза" (Астана) – әр түрлі биіктіктегі бірнеше үйден тұратын, көп қызметті кешен. Құрылыс жұмыстары 2010 жылдың қараша айында басталып, 2016 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. «Абу-Даби Плаза" тек Қазақстанда емес, онымен қатар «Орталық Азиядағы» ең биік ғимарат атанады. 88 қабаттан тұратын ғимараттың шыңы 382 метр биіктікте орналасатын болады. Жалпы аумағы 510 мың шаршы метрді қамтып, жобаның құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Болашақта кешеннің ішінен қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, қысқы бақ бой көтереді.
2. «Меруертті мекен», кей жерлерде "Асыл тас" (Астана) - әр түрлі биіктіктегі көп қабатты үйлерден құралған кешен (37, 40, 53 қабат). Арасындағы ең биігі 210 метрге жуықтайды.
Ғимарат ассиметриялылығымен ерекшеленеді: 32-қабаттан бастап аумағы кеңейе түседі. Соңғы қабаттың аумағы алғашқы бірінші қабаттан 15 метрге артық. Ал кешеннің аумағы – 280 000 шаршы метр. Жоба құны – 350 миллион доллар.
3. «Солтүстүк сәуле» (Астана) атты тұрғын үй кешені Астанада 2008 жылы салынған. Кешен 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады. «Хай-тек» стилінде жасалған тұрғын үй кешенінің биіктігі 180 метр.
4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимараты (Астана) - Қазақстанның биік доминанттарының бірі. Заманауи үлгіде жасалған зәулім үй Астананың мақтанышына айналды. Және Қазақстандағы ең биік ғимарат. Биіктігі – 175 метр.
5. «Есентай Тауэр» (Алматы) - Әл-Фараби даңғылында орналасқан Алматы қаласының ең биік ғимараты. 36 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі – 168 метр.
Алғашқы бестік осы. Ал қалған қалаларды білмеппін...