Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сұлтан болу мақсатым инабатты!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым - Төлеген болады сұрасаңыз,
Шымыр екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қуатбек асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Гүлғайша Сатыбалдықызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - Гүлшат апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Толеген_Молдабай
пікір