+8 дауыс
2.1k көрілді
Сіздерді барша мұсылмандардың ең ұлы мерекесі қасиетті Құрбан айтпен құтықтаймын! Айт күнгі жасаған ғибадаттарыңыз, дұға -тілектеріңіз қабыл болсын! Алла Тағала елбасымызға амандық , елімізге тыныштық , татулық берсін! Қасиетті мереке әр шаңыраққа шаттығын ала келсін ! Жаратқан Иеміз жүректерімізге иман нұрын құйып, баршамызға екі дүние бақытын нәсіп етсін! Айттан айтқа аман есен жете берейік иншалла!

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Құрбан айт мерекелерің құтты болсын! Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!!! Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін! Құрбан айт қабыл болсын! Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін!
+3 дауыс

Рахмет  Көркемтай, тілегің қандай тамаша еді. Мен де Көркемге қосыламын, барша мұсылмандарды "Құрбан айт" мерекесімен құттықтаймын!

+2 дауыс
Әмин! Алла тағала шынайы ниеттеріңізді, ізгі амалдарыңызды және шалған құрбандықтарыңызды қайырымен қабыл еткей! Құрбан айт мүбәрак болсын!
+2 дауыс
Көркем қыз! Құрбан Айт мерекесі өзіңе де құтты болсын!
+1 дауыс
Әумин!!!Бірге болсын!Құрбан Айт қабыл болсын!
...