Шешендік өнерді зерттеп, окулық жазған Г.З.Апресян қазіргі шешендікті мазмүнына қарай былайша бөледі:
1) Әлеуметтік- саяси мәндегі шешендік.
2) Академиялық шешендік.
3) Сотта айтылатын шешендік.
4) Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік.
5) Діни қызметте қолданылатын шешендік.
Бұлардың әрқайсысын қолданылатын орнына қарай
төмендегідей жіктейді:
1) Әлеуметтік — саяси мазмұнды шешендік сөздерге:
- әлеуметтік-саяси және саяси —экономикалық тақырыптарға жасалатын баяндамаларды;
- конференция, съездердегі есептгбаяндамаларды;
- саяси сөздер мен саяси шолуларды;
- дипломаттық сөздерді;
- әскери-патриоттық сөздерді;
- митингіде сөйлейтін сөздерді;
- үгітші сөздерін жатқызады.
2) Академиялық шешендікке:
- жоғары оқу орындарындағы лекцияларды;
- ғылыми баяндамаларды;
- ғылыми шолуларды;
- ғылыми хабарламаларды жатқызады.
3) Сотта қолданылатын шешендікке:
- айыптаушының айыптау сөзін;
- әлеуметтік айыптау сөздерді;
- қорғаушының сөзін;
І - әлеуметтік-қорғану сөзін;
- айыпкердің қорғану сөзін жатқызады.
1) Әлеуметтік-тұрмыстық шешендікке:
- юбилейлерде айтылатын мақгау сөздерді;
- дастарқан басында айтылатын тостарды;
- қабір басында айтылатын аза сөздерін жатқызады.
2) Діни шешендікке:
- діни уағыздарды;
- шіркеуде айтылатын сөздерді жатқызады