0 дауыс
9.0k көрілді
Дебат деген қандай ойын білмейді екем.

8 жауап

0 дауыс
екі жақ бір бірінін ойларын тыңдап,бір-біріне қарсы шығу.Ол сізге мысалы,Қазақстанда балалар құқығы қорғалмай жатыр десе,ол оны дәлелдейді неге екендігін,сосын ол сөзін аяқтаған сон сіз өз жағынызды қорғап жоқ қорғалып жатыр деп қарсы шығасыз да оны дәлелдейсіз неге екендігін.Былайша айтқанда пікір-талас сайысы
+1 дауыс
Дебат деген пікірталас ойыны.. Біреу бір нәрсені жақтаса, екіншісі сол нәрсенің жаман жақтарын айтады. Кімнің сөз байлығы көп сол жеңіп шығады. Жалпы керек емес ойын. )))
ия керек емес ойын ))
+1 дауыс
Дебат деген негізі жақсы ойын. Адамды бір жүйелікке, шешендікке тәрбиелейді. Егер оның сапасы кеткен десеңіздер қателесесіздер.
0 дауыс
Дебат деген адамның ақыл ойын дамытатын, шәшендік қабілетін дамытатын жарыс түрі. Біздің мектепте өте көп ұйымдастырылады. Өзім көп дебаттарда жеңімпаз атанғанмын.
0 дауыс
дебат дегеніміз ол пікір сайыс ол бірнеше форматарға бөлінеді оның басты мақсаты сөйлеу
0 дауыс
Иə дебат деген ойын адамды ең бірінші сенімділікке шақырады.Ол ойында мүмкін жеңесің мүмкін жеңілерсің , бірақ сен өзіңе үлкен сабақ аласың. Мен 8 сынып оқушысымын. Бұл ойында мен басында жеңілдім, бізге қарсылас команда өте жақсы дайындалған екен. Мен келесі ойында қатты дайындалып алдынғы команда осылай істеген бізде солай істейік деп өзіміз солай ашылып міне кəзір қалалық мектептердің арасында үздік болып шықтық. Мен "бұл керек емес ойын" дейтін адамдарға айтатыным: ешқашан олай ойламаңыз сіз озіңізді кез келген жерде дəрежеңіз түсіп тұратынын түсініңіз.
0 дауыс
Дебат - [ фр. debats - талқылау] - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыссөз, айтыс. Парламенттік дебаттар - заң шығару және үкімет іс-әрекеті жөніндегідепутаттар арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі.

Карл Поппердің дебат форматы- парламенттік дебаттардың бір түрі. Жаңадан ойнап бастаған ойыншыларға ыңғайлы болып саналады. Формат Карл Поппердің есімімен аталған.
Ойында екі, ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы - бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан сұрақ қойылады. Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болады. Олар сол 8 минутты раундтардын арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.

Поппер Карл Раймунд ағылшын социологы және философы

Ойын тәртібі:

1 ойыншы - Дефиниция, қалыптасқан жағдай, құндылықты таныстыру. Аргументтерді жариялау. 6 минут.
1 ойыншыға оппозицияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
2 ойыншы - Дефинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу. 6 минут.
2 ойыншыға үкіметтің 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.
3 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсыластың аргументтеріне қарсы ребатл жасау. 5 минут.
3 ойыншыға оппозицияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
4 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсылас аргументтеріне қарсы ребатл. 5 минут.
4 ойыншыға үкіметтің 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.
5 ойыншы - Анализ, қарсыласу нүктелерін көрсету, өз командасының неге ұту қажет екенін айту.
6 ойыншы - Анализ.

Линкольн-Дуглас дебат форматы - атақты Авраам Линкольн мен Стивен Дугластын арасында болған дебаттың құрметіне аталған екі адамдық дебат форматы. Линкольн-Дуглас - құндылықты ойын, кім не үшін ойнап отырғаны үлкен рөл ойнайды. Бұл дебаттарда идеялардың қалай жүзеге асатыны маңызды емес, ең бастысы ойыншының құндылығы болып табылады. Ойынға бір ақтаушы және бір даттаушы қатысады. Біреуі Линкольннің, екіншісі сәйкесінше Дугластың рөлін ойнайды.

Авраам Линкольн

Линольнның сөзі (Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 6 минут
Дугластың сұрақтары - 3 минут
Дугластың сөзі (Ребатл, Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 7 минут
Линкольнның сұрақтары - 3 минут
Линкольнның сөзі (Ребатл) - 4 минут
Дугластың сөзі (Кейсын қайта құру, Кристализация*) - 6 минут
Линкольнның сөзі - 3 минут (Кристализация*)

Қажетті ақпарат

Сұрақ қойғанда Йә немесе Жоқ деген жауаппен ғана жауап берілетін сұрақтар қабылданбайды
Кристализация - ойынның қортындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөздерсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру.
0 дауыс
дебат өте керемет ойын
...