0 дауыс
4.1k көрілді
Астрономиядан календарь яғни күнтізбе жайлы қазақша слайд керек?

1 жауап

+1 дауыс


Күнтізбе( ағылш.calendar) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Бірақ дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш Ежелгі Шығыс  елдеріндешықты. Аспан денелерініңқозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.

*.Күн күнтізбесі Мысырдашыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 45 ж. Рим императоры Юлий  Цезарь, астроном Созигенніңжобасы бойынша жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі немесе ескі санат деп аталды. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықшылығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Осыны тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий ХІІІ1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.

*.Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилондашықты. Онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы (354.5 384.3):8=365,25 күнге тең болады.

*.Араб күнтізбесі де Айқозғалысына негізделген. Араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады.

622 ж. арабша 1-жыл. Ол Мұхаммед  пайғамбардың Меккеден Мединегекөшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі ай һижрасыдеп аталады. Араб күнтізбесі араб елдерінде, Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, кейін біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасырда аралас күнтізбеге көшті. Еврейше жыл есебі біздің заманымыздан бұрынғы 3761 жылдан басталады. Яғни сол жылы “дүние жаралған”. Бұл күнтізбе Израильмемлекетінде қолданылады. Ежелгі түркілер, негізінен, күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, әзірбайжан, т.б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болды. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді. [1]

Алғашқы күнтізбе

Көптеген ғасырлар бұрын Орталық Америкада құдіретті ацтектер мемлекеті болды. Оларжылдың 365 күнін 18 айға 20 күнен бөліп және әр күнге 5 «бақытсыз» күндерді қосқан. Ацтектер тастан дөңгелек пішінді орасан күнтізбе ойып жасаған. Әр күннің өзіне сәйкес белгісі болған.

Египет астронмдары осыдан 2000 жылдар бұрын күн қозғалысына негізделген күнтізбе жасаған. Біздің осы кездегі қолданып жүрген күнтізбеміз түбі содан шыққан. Мысыр күнтізбесі бойынша бір жылда 365 күн бар деп алынған, ал шын жылы 6 сағаттай ұзындау, сондықтан Күннің айрықша қалпы, мысалы жазғытұрымғы күн мен түн теңелу нүктесінен өтуі жыл сайын 6 сағат кешігіп келіп, күнтізбе бойынша 21 наурыз емес 22 наурызға келетін болған. 120 жылдан кейін 1 айға кешігетін болған.


Дерек көз:
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/
...