–1 дауыс
1.4k көрілді
мен озіме жақын адамды ренжітіп алдым, негізі жаман ойым болмаған ойнап турган болатынбыз мен қатты ойнап кеттім ау деймін шамасы ол ренжіп маған "ойнасанда ойындағыны айттың" деп ренжіді, енді қалай түсіндірерімді білмей отырмын

2 жауап

0 дауыс
Ойындағынды айтыпсын ғой!Әзілді орнымен айту керек қатты кетпеу керек!Енді қайта қайта кешірім сұра!
кешір деген сөздің өзін айту қиын... ал қайта қайта айтқан вообще қиын
Онда кешірім сұрай алмасан мен ойлаймын ешқашан қайта достасып кете алмайсын!
0 дауыс
Мені есімді білген кезде детдомнан асырап алды. Бір жыл бойы бір үйде жүрдім. Негізі ол үй маған ұнаған жоқ. Мен тентек болғанда сол үйдегі әпкем маған қаңғыған жетім деді. Мен ызаланып оған пышақ тықтым да қалаға қашып кеттім.Содан кейін сол үйге қайтып барғам жоқ. Менің өмірімдегі ең қатты көңіліме келіп біреуге қатты ренжігенім сол болды.Оны ешқашан кешіре алмадым.Кешірмегенім ештеңе емес есейген сайын мен оған кек сақтап, сол бір сөзі үшін оны тауып алып жылатқым келді. Сол үшін қыз баланы сыйламайтын болып өскен сияқтымын. Сөйтіп мен әскерден келдім де ол туралы информация жинап оны іздеп бастадым. Жаман нәрселер жоспарлап жүрдім. Сол оқиғадан 15 жыл өткеннен кейін Ақтауда бір жиында кездесіп қалдық. Екеуміз де бір бірімізді таныдық. Сонда ол меннен шын көңілімен жылап кешірім сұрап, құшақтап бауырына басты. Ол баяғы кішкентай кезіміздегі әдет қылықтарынан арылып күшті сыйлайтын ақкөңіл қыз болып кеткен. Мен де сол сәтте оны шын ниетіммен кешірдім. Бір сөздің кесірінен 15 жыл бойы жүрегімде қатып қалған кек бір сөздің арқасында 5 минуттың ішінде еріп жоқ болып кетті. Мен де оны құшақтап пышақтағаным үшін кешірім сұрадым.Содан кейін бір бірімізді қонаққа шақырып , ол мені іні ретінде, мен оны әпке ретінде сыйласып күшті араласып кеттік. Біз солай кездесіп қалмағанда, ол меннен кешірім сұрамағанда екеуміздің де тағдырымыз басқаша болатын еді. Егер біреуді ренжітсең шын көңіліңмен және кешікпей кешірім сұра.
ерінбей көніл бөліп жазғанынызға рахмет... біз татуласып алдық уже
...