+1 дауыс
594 көрілді
Мысалы 30 дан асқан жігітке туыстары,кластастары жабылып жүріп үйленетін қызбен таныстырдыТаныстырғанда да отырып қалған,реңі қайтқан,өзіне тең болады-ау деген кәрі қызбен таныстырып,мақтап,арқадан қағып,үйлендірді.Кейін жігіттің көңілі жарына толмай жүрді дейік.Біреудің өтпей қалған қызына жігітті көндіріп,алдап үйлендірген туыстары кінәлі ма?Әлде жігіттің өзіне байланысты ма?Біреудің тағдырына ауыртпашылық салуға бола ма.Ер азаматтар не ойлайсыздар?Ондай жағдайдан қалай шығуға болады?

5 жауап

0 дауыс
Үйлену деген өте жауапты қадам. Бірнеше адамның, бірнеше отбасының тағдыры, қарым-қатынастары шешіледі. Әйел алу - базардан картоп сатып алу емес. Бірінші кезекте ер адам біреулердің айтқандарына ермей, өз ақылымен, өз парасатымен шешім қабылдауы керек.  Сондықтан, отбасы бақытсыз болса, ең бірінші ер адам кінәлі болады.
+1 дауыс

m.virus2013 дұрыс айтады, 30 жастағы жігітке елдің айтқанына ілесу дегеннің өзі ұят емес пе? Әй, "Отызында орда бұзбаған, қырқында бел аса алмас" -дегенді айтқан халқым қандай дана едің.

+1 дауыс
Жеке өмірге ешкімді араластыруға болмайды, қандай жақын-туыс, әке-шешеңіз болмасын. Бірақ анау таныстырып үйлендім, мынау таныстырып үйлендім деп көңілі толмай жүр дегені өтірік сылтау ғой. Жас өткен сайын адамның талаптары да күшейе бастайды. Сол алған жігітке әйелінің де көңілі толмай жүрген болуы әбден мүмкін. Солай-солай бір-біріңізге үйреніп кетерсіздер!!!
+1 дауыс
Қайдағы ауыртпашылық ???? Үйленуге келіскен жігіттің өзі емес па. Қанша алдап арбасада .Енді біреуден кінә іздеген ұят іс , ер азамат үшін . Келіншегінің жақсы жақтарын іздеуге кеңес беремін . Ақыры үйленген екен, реңі онша болмаса да , адамгершілігі мол , ақылды , мейірімді жан шығар . Көңілі толмаса , келіншегімен ашық сөйлессін . Бар мән жайды түсіндірсін . Неге көңілі толмайтының айтсын . Не дегенмен жас бала емес , 30дағы ер азамат екен . Ақырын отырып сөйлессін. Мүмкін онында ойына түйгені , көңілі толмайтыны бар шығар .
0 дауыс
адам оз омирлик жарын ози тандау керек.жигитке кари кызга уйленуге болмайды деп ойлаймын

Ұқсас сұрақтар

...