https://surak.baribar.kz/363613/ осы жерде
"Ақиқат сыйы"
"Білім үйрену жайында"
Білімді білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып өсіп өтер.
Білімдірер білім елге білім сырын,
Біліксіз білімді аттап бөсіп өтер.
Тура сөз біліксізге қаза болар,
Насихат пайдалы сөз жаза болар.
Надан жан қанша жусаң тазармайды,
Талай кір жуған сайын таза болар.
Білімдар "істі болып бекін" дейді.
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп
Амал жоқ түбінде опық жейді
Білікті біліп айтар сөзін ұттар
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар
Білімсіз не айтсада білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар
Алла өзін біліммен құт етеді
Қайырсыз надандықты жұт етеді
Білімді үйренбеген талай қауым
Құдайды қолдан жасап бұт етеді
Өнеге білген сөзі насихат жолы
Араб пен Азияттың сүйгені сол
Кедейдің кетіп жейтін малы білім
Білімнің жетім-жетікке берері мол