0 дауыс
20.0k көрілді
Дін туралы ғылыми зерттеу жүргізіп жатыр едім. Өтінемін, өз ойыңызды қалдырыңыз! (админстратор- модераторлар, сұрақты өшірмеулеріңізді сұраймын)    Мына сұрақтарға жауап берсеңіздер, өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар!   

1) Дін дегеніміз не?
2) Діннің қандай түрлерін білесіз?
3) Ислам діні туралы не білесіз?
4) Ислам дінінің қандай түрлерін білесіз?
5) Өз дініңіздің тарихын білесіз бе?
6) Діни ағымдарға (секталар) көзқарасыңыз?!
7) Жастардың діни сауаттылығын қалай бағалайсыз?
8) Діннің адамдарға пайдасы мен зияны?!
9) Қазіргі жастардың басқа дінге немесе діни ағымның соңынан еруіне не себеп деп ойлайсыз?
10) Діни ағымдарды Қазақстанға таратудың себебі не деп ойлайсыз?
мен өшіре берейін, редактормын ғой )))) әзіл)
Бұны өшіру керек!Қазір біреу бірдеңе дит!Сосын ұрыс шығат!Сосын дін қорланат!
Белгісіз
Жоқ, мұнда дін арасында қақтығыс шығару, немесе бөліп жару емес, жай ғана өз пікірлеріңіз. Біз демократияда өмір сүріп жатырмыз. Әркімнің өз пікірі болады. Бұл жай ғана ғылыми зерттеу, статистика шығару.
Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Дін деген билеуші топтың халықты бағындыру құралдарының бірі.

2. Жасына қарай: Буддизм, Иудаизм, Христианство, Ислам. Негізгілері осылар, ағымдары көп.

3. Ислам діні Аравия түбегінен тараған, Иудаизм мен Христианствоның негізінде жасалған дін.

4. Ислам дініндегілер сунниттер мен шииттер болып бөлінеді. Олардан басқа ваххабистер, салафиттер және басқа да ағымдар бар.

5. Исламның тарихы мен негіздерін жақсы білемін. 15 жылдан бері Ислам мен Христианствоны зерттеп келемін.

6. Діни секталар секта басшыларының жеке баюы мақсатында құрылған құрылымдар. Мысалы, Благодать, Сайентология және т.б.

7. Минус 3ке бағалар едім, жастар діннің қуаты қандай болатынын елемейді.

8. Ол адамның өзіне байланысты, біліміне, парасатына, мінезіне.

9. Дінге бойұсынып жатқан жастар өте аз. Қыздар хиджабты дінді түсінбегендіктен киіп жүр.

10. Оның себебі біздегі дінге байланысты заңдардың осалдығы мен адамдардың діни сауатсыздығы.
Міне, керемет, осындай пікір қалдыруларыңызды сұраймын. Әркімнің пікірі әртүрлі. Рахмет саған бауырым! Аллаһ Разы болсын, бауырым!
Белгісіз
"Дінге бойұсынып жатқан жастар өте аз. Қыздар хиджабты дінді түсінбегендіктен киіп жүр." - деп жазыпсыз. Сіз өзіңіз дінге қаншалықты бойұсынып жүрсіз? Сіз өзіңізді дінді толық білемін деп есептейсіз ба? Қандай діни біліміңіз бар? Қыздар хиджабты діндердің асылы Ислам дініміздің үкімдерін түсініп, Алланың әміріне бойұсыну үшін киіп жүр, дінді түсінбегендіктен емес.
0 дауыс
Мен әрине, бұл пікірді жаза отырып, ешкімнің намысына тиюді мақсат етпеймін. Ешқандай да мүддені көздемеймін. Барлық адамның жеке наным-сенімі мен көзқарасын сыйлай отырып, тиісінше менің көзқарасыма сыйластық білдіруін талап етемін.

Былай ғой, әр заман өзінше дамып отырды. Жиырмасыншы ғасырда-ақ ғылыми ашылулар, техникалық революциялар орын алып, дін ығысып қалды. Міне, мен құдайдың барына сенемін. Бірақ, ешқандай дінге сенбеймін.

Классикалық және кванттық физика ғылымдарының заңдылықтарын мойындаймын. Осыны негізге ала отырып, психология, философия, мораль және басқа да толып жатқан өмірлік процесстерге осы ғылымның заңдылықтарын пайдаланғанды ұнатамын.

Соғыстың ең көбі - дін үшін болып жатыр. Адамның басындағы проблемның көбі де діннің көптеген шектеулі қағидаларының кесірінен болуда. Мен дін жаман демеймін, бірақ дінсіз де өмір сүруге болатынын айтқым келеді. Дінсіз адам жабайы, бетімен кеткен дегеннен аулақ болған дұрыс. Адамгершілік ортақ моральдік сыйластық, зайырлық деген бар. Көптің сөзіне емес, көзбен көріп барып пікір айтқан дұрыс-ау адамдар бір-бірі туралы. Очм, қатынас стереотиппен емес, әрекетпен бағалануы тиіс деген ойдамын.
...