+1 дауыс
695 көрілді
Сағынып жүрмін сол аңыз кезді Есейдім Онда он жетідемін Балғын мінезді, балауыз тілді Баланы қимай бойжетіп едім. Естіген не оқыған болсаңыздар авторын айтып жібересіз бе!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қалмаханбет Мұқаметқали " Наурыз" деген өлеңінен
НАУРЫЗ

Көк жүзінен құйылып күн шуағы,
Көктеменің төгілді тылсым әні.
Бөркін шешкен бейнетқор шаруадай,
Беткейінен таулардың бу шығады.

Ерке бұлақ оянып құлап аққан,
Ертең бұлбұл салады мына бақта ән.
Жердің бетін соңғы рет жаспен жуып,
Жылғалармен барады жылап ақ қар.

Өр мінезін көрсетіп тегі, сондай,
Өрік гүлдеп келеді өңі солмай.
Қатулықпен татулық мерекесін,
Қыс барады көктеммен бөлісе алмай.

Сарғалдақтың кекілін жел тарайтын,
Сұлулықты айтсайшы ел қалайтын...
Табыстырар тірлікті сыңарымен,
Табиғаттың тойы ғой тарқамайтын.

Жыл жаңарып жатқандай, ғасыр түлеп,
Жер көйлегін киеді жасыл жібек.
...Көптен күткен қызығын қарсы алып тұр,
Көркемдік пен көктемге ғашық жүрек.

Мәңгілікке бастайтын әнін іздеп,
Мезгіл өтіп барады жолы – тізбек.
Дабылынан көктемнің Нұр оянып,
Дүр сілкінтті Дүниені Наурыз кеп!

*
Сағынып жүрмін сол аңыз кезді,
Есейдім, онда он жетідемін.
Бал тілді балғын, балауыз сөзді,
Баланы қимай ержетіп едім...

Сыйлаған сонда дала гүлдерін,
Есімде... қыздың есімі қалған.
Пах!!!
Қайран менің дара күндерім,
Балалығымның бесігі болған.


Тау менен ойдың бал бұлағынан,
Жұпарын күннің сіңірді кеудем.
Қара бала едім, арғымақ-ұлан,
Аға болып бүгін біреуге...

Өмірдің жолыбасталарда ұлы,
Адамды арман алдаған жоқ-ты.
Қайтейін... қош бол, қош балалығым,
Ұмытпағайсың Қалмаханбетті!!!
Рахмет.  Қазақ радиосынан есітіп едім осыны. Әр жерінен есімде қалғаны осы. Бір қыз оқып еді, соған қарап ақын әйел адам шығар деп қалғам
...