+1 дауыс
4.2k көрілді
Жалпақ құрттар туралы слайд керек?

1 жауап

0 дауыс

Жалпақ құрттар  слайд,презентация

 

 

Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер.Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты – аралық қабат мезодерма орналасады. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады.
Қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды. Мысалы, ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді. Бауырсорғыштың дернәсілдері жұмыртқадан әр түрлі пішінде шығып, негізгі және аралық иелерде дамиды. Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары – негізгі иеде, ал дернәсілдік ұрпақтары аралық иеде мекендейді). Таспа құрттар өкілі – сиыр таспақұртының негізгі иесі – сиыр. Оның денесінде жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі иесі – адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар – суда, топырақта, ағзалар денесінің сыртында және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жануарлар. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяншалар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспақұрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер – эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады.
Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттер мен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттардың көпшілігінде асқорыту жүйесі мүлде жойылып кеткен. Бұл құбылыс әсіресе таспа құрттардан байқалады.

 

...