+16 дауыс
2.4k көрілді

Сәлем, достар!

Осыдан дәл 3 жыл бұрын, 2010 жылдың 10-шы қазан күні, сіздердің құзырларыңызға қызмет етіп келе жатқан SZH.KZ сайты өзінің жұмысын бастаған болатын. Артымызда қалған үш жылдың ішінде барлық жақсы күндер мен сайтымыз өшіп қала берген "жаман" күндерде де бізбен бірге болып келе жатқан өздеріңді шын жүректен бірінші құттықтағымыз, сосын - алғыс айтқымыз келеді. Сендерсіз ештеңе болмас еді.

Дегенмен, артымызда қалған үш жыл бізге үлкен сабақ болды. Ары қарай да біз өздерің үшін қызмет ете беретін боламыз. Ал, сендерден барынша белсенділікті күтеміз. Алдағы уақытта сайтта әркелкі конкурстар, акциялар өтеді деп осы уақыттан айтып қояйық.

Сайтты қолданып, күнде ыстығы мен суығын бірге көріп келе жатқан бәріңе өзіміздің ыстық лебізімізді білдіреміз. Сондай-ақ, сайттың іргесі қаланғалы бері бірге болып келе жатқан "ардагер" қолданушыларымызға алғысымыз ерекше.

Сайтымыз бұдан бұлай да тек алға жылжи береді, өзіндік жоспарлары да жетерлік. Солардың бәрін бірге жүзеге асырып, үлкен белестерге жетеміз деп үміттенеміз. Себебі, сайттың бар байлығы, оның мақтанышы білмегенді білуге ұмтылған жастар - өздерің. Қол ұшын беруге талпынған білімпаз қолданушыларымыз. 

SZH.KZ | Өз сұрағыңды қой.

Құрметпен, 
СЖ сайтының әкімшілігі

35 жауап

+8 дауыс

Құтты болсын !!! Сайт әрі қарай дами берсін !!!

+3 дауыс
Ооу! Ербол аға, бәрінен бұрын өзіңізді құттықтағым келіп тұр! Сайт одан әрі дами берсін! Ісіңізде сәттілік тілеймін! Және барша СЖ қолданушыларын құттықтаймын!
+2 дауыс
З-Жастарыңыз Құтты болсын! Мен бүлдіршінмін десем, сіздерде бүлдіршін екенсіздерғой))) Бірақ енді оқушы болдым. Сіздердің көмектеріңізбен білмегенді біліп, білгенімді айтып супер Модератор боламын деген ойдамын :) Сіздерді және барша қолданушыларды құттықтаймын!!!
+8 дауыс
Ашылғаның көп адамға болған сауап,
өзекті сұрақтарға тапқан жауап,
бүгін міне ерекше күн өзің үшін
құтты болсын туған күнің сұрақ-жауап.
+3 дауыс
Құтты болсын ал! Цукерберг секілді сәтті бол!

 

А уақыт деген зырлайды екен 2/5 жылдан кетті осында болғаныма ,.,)
Сиома бауырым, бізге де құтты болсын! Бар екенсің ғо)
+3 дауыс
Құттықтаймын шын жүректен!!Сайтыңыз дами берсін!Алға!!!!!!Өте жақсы сайт!!
+9 дауыс
Ал сол үшін...  сүт ішіп жіберейік
ха-ха-ха
+3 дауыс

Ұзағынан болсын деп қояйыншы))) осындай сайт көбейе берсін!!!yes

+2 дауыс
Ең алдымен Ербол құтты болсын! 3 жыл ішінде осындай керемет сайт етіп шығардың! Алдағы уақытта сүйікті сайтымызға табыстар тілейміз! Барша қолданушылар құтты болсын!  

(c) Азамат-Наргиза
+4 дауыс

Үш жылдық тойымыз құтты болсын, Алла 30-жылдық мерейтойды тойлауды маңдайымызға жазсын!yes

Қандай әдемі тілек еді)) Аумин!
+3 дауыс
дәл менің тұған күнімде екеен))))
туылған күніңмен сені де құттықтаймын! Мақсатарыңа жет!
үлкеен рахмеет))))
+4 дауыс

Құрметті Сайттың күшті админстраторы және супер қолданушылары! Бүгін сайтымыз (өз сайтымыз секілді болып кетті ғой) 3 жасқа да келіп ақлыпты. Үш жылда үлкен жетістіктерге жетіп отыр Аллаға шүкір! Әлі бағындырар асулар көп! Алға қойылған мақсатына жете берсін! Біз де сол қуаныштарға куә бола берсек деген арман тілегіміз бар! Бұл сайт арқылы дос таптық, білімімізді көбейттік, дұрыс пен бұрысты да түсіне бастадық! Ұзын сөздің қысқасы сайт ғұмырлы болсын!

+4 дауыс
ООО, әне-міне дегенше сайттың 3 жылдығы келіп қалыпты! Құрметті Ербол аға және сайт қолданушылары сіздерді сайттың 3 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймын! Ербол аға сіздің осындай сайтты ашқаныңыз үшін өте ризамын және сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді! Осы СЖ сайты сіздің еңбегіңіздің арқасында қарқынды түрде дамып келе жатыр, сол еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Алдағы уақытта СЖ сайты үлкен жетістіктерге жете берсін! Біз осы сайтпен әрқашан біргеміз! 3 ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
+5 дауыс
Ербол аға! Сайтымыздың қариясы Жако аға! Құрметті модераторлар! Редакторлар және қолдануышылары туған күн құтты болсын! Алтын күздің арайлы күндерінің бірінде 3жыл алдын ғаламторға қадам басқан сайтымыздың алар асулары, бағындырар белестері биік болсын! 10-100жылдықтарында да бірге болайық достар! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шуақты өмір тілеймін! Қуанышты күндеріңіз көп болсын!
Мамандар да осының ішінде Нұрсұлтан! ) Маман деген аты болмаса қарапайым қолданушыдан  еш айырмашылығы жоқ.Мамандар да сайттың   бір қабырғалары. Сіздерге де тек жақсылықтар тілеймін! Сайтта дәрежелеріңіз өсе берсін! Өмірде де абыройлы-ардақты, халықтың қалаулы ұл-қыздары болыңыздар!
Ай рахмет, қандай тамаша жандар едіңдер...!
-10минус қойып банға тыға салмадыңдар ма
Ол не дегенің  Көркемтай, неден ренжідің?
Үлкееен рахмет!
Белгісіз
эх, рахмет! Саған да осыны тілейміз! 116жасқа келгенде инетте отырғанымыз қызық шығар...)))
Бас салып минустап тастап едіңдер, жөнге келтіріп қойыпсыңдар ғой. Қуаныштымын . Рахмет. Былтыр ма бір газеттен оқып едім, "2050жылдары адамдар ауру не екенін білмейтін болады, барлық дертке шипа табылады, өмір жастары ұзарады, мыңдаған шақырымнан бір бірінің ойын оқи алатын қабілет пайда болады"-деп. 116 ға келіп сайтта отырса несі бар?! Бәрі де мүмкін!
+1 дауыс
3 жылдықтарыңыз құтты болсын, Ербол !!!
Құтты  болсын  3  жылдықтарыіңыз  еңбектеріңізге  толайым  табыс  тілеймін.  Осындай  сайттар  көбейе  берсін
Белгісіз
...