0 дауыс
305 көрілді
Мен студент едім ғой. Программистпін. Отчетқа толтыратын Интернетте компьютер жайлы, олардың құрылысы жайлы жазылған болса тауып беріңіздерші. Сілтемесін тастап. Менде қарастырып жүрмін, бірақ жеткіліксіз олар. Маған қазақша керек еді. Өтініш сіздердін. Алдын-ала рахмет!!!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
2.2.2. Аппараттық жабдықтар
Біз үлкен ЭЕМ-ді нзмесе дербес компьютерді алсақ та, олар
бір-біріне үқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан
тұрады:
1. орталық процессор;
2. енгізу құрылғысы;
3. есте сақтау құрылғысы;
4. шығару құрылғысы.

Орталық процессор барлық, есептеу және информация
өңдірістерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын
процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда
процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық
схемалар жиынынан тұрады.

Енгізу қүрылғысы информацияны компьютерге енгізу
қызметін атқарады.

Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді
және жұмыс нәтижелерін компыбтер жадына сақтауға арналғаа
Шығару құрылгысы компьютердің жүмыс нәтижесін
адамдарға жеткізу үшін қолданылады.

2.3. Дербес ЭЕМ
2.3.1. Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы
Дербес __________ЭЕМ-нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын
электрондық компоншттері информация өңдеудің белгілі бір
қызметін немесе оны сақтау ісін аткарады. Мұндай
компоненттер интегралдык схемалар деп аталады.
Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған
қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан түрады.
Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың
шеткі тақшаларымен жалғастырады.
Жартылай өткізгішті кристалл көбівесе өте таза кремнийден
жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау,
қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме-дәл фотолитография
тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар
қолданылады.


http://www.zox.kz/load/informatika/kompjuterdi_ryl_ylary/11-1-0-494 мынаны оқып көр
рахмет)))
...