+1 дауыс
1.3k көрілді

Құрып бара жатқан қазақ тілі туралы не дейсіздер? осы жайлы ойларыңызды жазсаңыздар!angel

Достар менің де қазақ тілінің құрып бара жатқанына жаным ашиды.  Тіпті оны ойласам денем түршігіп кетеді.  Неге қазақ тіліні мемлекеттік тіл етуге тырыспаймыз?  ЕХРО 2017-ге дейін әрбір адам ағылшын тілін білу керек диді.  Біз өз тілімізді жөнді білмей жатқанда, басқа тілді қалай игереміз. Дұрыс " Өзге тілдің бәрін біл" дейді. Бірақта  өз тілімізді құрметтеуіміз керек емес пе?  Мысалы солтүстік, батыс жақтағылар қазақшаны дұрыс білмиді.  Егер қалада жүрсен бір қазақ қызға немесе жігітке қазақша сөйлесен ол сені (дөрекі тілмен айтқанда) момбет,  колхоз деп айтуы немессе ойлауы әбден мүмкін.  Мен бұл сұрақты қойған себебім әркімнің ойын білгім келді.  Рахмет, жауап беріп, пікір қалдырғандарыңызға!!!
Тағы да қазақ тілді даму үстінде деп айта алмаймын. Тіпті біздің дәстүрлерімізде естен бірте-бірте шығып барады.
ӘСЕЛ, АЙНАЛАЙЫН, ЕНДІ СЕН ТЫМ ҚАТТЫ КЕТІП ҚАЛДЫҢ !!! БАТЫСҚА КЕЛІП КӨРМЕГЕНСІҢ-АУ ШАМАСЫ !!! МЫНА БАТЫС ЕМЕСПЕ, АНА ТІЛІН, САЛТ ДӘСТҮРІН САҚТАП ҚАЛҒАН?! СЕНДЕ АЛМАТЫНІКІ ШЫҒАРСЫҢ, ӘЛДЕ ОҢТҮСТІКТІҢ БІР ЖЕРІНЕН. ОЛАЙ БОЛСА ТҮСІНІКТІ СЕНІҢ ҚАЛАЙ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІНІҢ, 5 СӨЗІҢНІҢ ҮШЕУІ ОРЫСША, ЕКЕУІ ҚАЗАҚША !!! БАТЫСҚА, ДӘЛІРЕК АЙТҚАНДА МАҢҒЫСТАУҒА КЕЛШІ, ҚАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАҒАН ҚАЗАҚШАНЫ ЕТИСІҢ. СЕН КЕЛМЕЙ ЖАТЫП, КӨРМЕЙ, АУЗЫҢА НЕ КЕЛСЕ СОНЫ АЙТА БЕРМЕ !!! КЕЛШІ МАҢҒЫСТАУҒА, КҮТЕМІН !!!
Қатты айтсам кешіріңіздер!!!  Оңтүстік тағы басқа жақтарда  тек қазақша сөйлейді деп те айта алмаймын. Себебі Қазақстанның 4/3 қазақ тілін жөнді білмейді.  Тағы да кешірім сұраймын!!

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қараспанды төндіруді қою керек қой қазір! Қазақ тілі құрып бара жатқан жоқ. Керісінше қазақ тілі, ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз қазір даму үстінде.
0 дауыс
Қазақ тілі құрып бара жатыр деп отыра бермеуіміз керек әр қазақ өзінен бастау керек сол кезде тілдің  мәселесі шешілебереді. Ол мен қазаққа жаны ашитындар болса қолдарынан келеді.
0 дауыс
Қазақ тілі де сіздің жазған Қазақ сөзіндегі "Қ" әріпінің жоқтығы сияқты құрып бара жатыр. Өңдеушілер өңдеп қойса екен... Бес әріптен қате кеткеніміз уят шығар.
0 дауыс

Мен бір сайтта оқып қалған едім, Қазақ тілі үй тілі үйде ғана көп сөйлесеміз,ал орыс тілі халықаралық тіл шынында да Қазақ тілі үй тілі болып барады?

 

0 дауыс
Аузыңа не келсе соны айтып көкси бермеңдер кәні ! Өзің бір қартайып, тістері түсіп, бейшара хәлде қалған қарт ұқсап аузыңа не келсе соны оттай берме! Сен жассың, керісінше қазақша сөйле сырттада, айналаңды үйрет қазақшаға! Сен өзің дым істемей бәрінің атынан сөйлеме қарағым! Сен болмасаңда біз, иа, мына БІЗ, МЕН, СЖ САЙТЫ қазақшаны дамыту үшін барымызды салып жатырмыз. Универде орыс профессорларға, доценттерді қазақша сөйлеуге мәжбүрлеймін, өзім орысша біліп тұрсамда, әдейі істеймін. Сабағымды орыстарға ана тілімде сайрап беремін. Солай екен мынандай әңгімеңді доғар, сенсізде қазақшаны дамытуға БІ3ДІҢ шамамыз жетеді ! Сен сияқты, мен сияқты жастар аспанды жерге түсірсек, бәріне налып отырсақ, бізден кім шығады?! Қазақтың ертеңі не болады?!
Әй азамат, ризамын саған!
Жако аға, қараңызшы не жазғанын, басқасы басқа, БАТЫСТЫ шала қазақ депті ! Керісінше, еті тірі адамдар сол жақта емеспе! Неге олай дейді ! Алматы, оңтүстік астана... Қазір орысша сөйлейді, Құдай біледі, болашақта Алматылықтар қытайша сөйлейдіма жоқ ұйғыршама...
...