Үй құстарының ішіндегі ұзақ өмір сүретін қаз. Ол 25ж өмір сүре алады Жануарлар, олардың ішінде ең ұзақ жасайтындары – қаны салқын, теңіз тасбақалары мен қолтырауын тәрізді жануарлар. Олар 200-300 жыл өмір сүреді. Балықтар да ұзақ жасайды. Жайын, тұқы және акула 100 жыл өмір сүрсе, шортандар олардан да көп жасайды. 1797 жылы Мәскеу іргесіндегі Царицын тоғанын тазалағанда, ұзындығы екі метрден астам шортан ұсталған екен. Балықтың қанатындағы сақинада «Мұны кигізген патша Борис Федорович» деп жазылыпты. Соған қарағанда әлгі шортан екі жүз жылдай өмір сүрген... Ал 1497 жылы Германияда 1230 жылы сақина салынған шортан ұсталған. Ол бойынша жасы – 267-де. Құстардың ішінде тоты құстың бір жарым ғасырдай өмір сүретіні ақиқат. Тіпті аққулардың ғасыр жасағандары да бар. Англияның Дербишер деген жерінде атып түсірілген аққудың бір сирағында «1717 жыл» деп жазылған сақина тағылыпты. Сонда ол 170 жыл жасаған болып шыққан.