0 дауыс
503 көрілді
Мұғалімнің оқушының маңдайына екілік қойып, ашулануына не себеп болды екен?

2 жауап

+1 дауыс
Маңдайына қоймайды, күнделігіне шығар. Оқушының ерегісуі, бұдан бұрын да үй тапсырмасын білмеуі, бір қайталанған қателіктің тағы да бірнеше рет қайталануы (мысалға кешігіп келу, үй тапсырмасын орындамау дегендей), тәртіп сақтамауы, мұғалімді досындай көріп ойнауы, артық заттарды қолдануы, жан жағына кедергі келтіруі, ЖАЛПЫ айтқанда мұғалімнің айтқанын орындамауы, яғни істемеуі.
0 дауыс
Кез-келген жағдайда кемшілікті екі жақтан іздеу керек. Себебі, бір қолмен шапалақ соғылмайтыны белгілі емес пе? Мұғалімнің оқушының маңдайына екілік қойып, ашулануына не себеп?

Бірінші оқушыдан кетуі мүмкін қателіктер;

- сабақта тәртіп сақтамауы (бірақ, бағалау кезінде журналға тәртібі үшін баға қоймайды)

-  үлгерімі нашар болуы

- т.б. кездейсоқ жағдайлар болғанда

Мұғалімнен кетуі мүмкін қателіктер

- сабақ барысында жеке тұлғалық қаситетіне байланысты ашуға ерік беруі ( басқа жағдайда ашуы шығып, сабақта ашумен отыру)

- балаларға қолданылатын әдістерді (мадақтау, жазалау) қолдана алмау немесе асыра қолданған жағдайда

- біліктілігі қалыптаспаған жағдайда

Ал, маңдайын екілік қою жеке құқықтардың сақталмауы деп қарауға болады. Бұл жағдай дәстүрлі білім беру жүйесімен қалып кететініне сенімдімін.
...