+2 дауыс
9.2k көрілді
Кока-Коланың адам ағзасына зияны қандай? Жалпы қандай сусын ішкенді кеңес бересіздер?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
"Кока-коланың" құрамында не бар?

Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін келтіретін "Кока-кола" сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумен дүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз "Кока-коланы" ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, біздің мақалаға көз жүгіртіңіз.

"Кока-коланы" 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, "кока-коланың" алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ.

Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2004 жылы қалың жұрттың "Кока-кола" компаниясына қарсы ереуілге шығуына түрткі болған. Бір қызығы "Кока-кола" компаниясының бұдан бірнеше жыл бұрын жүргізген "H2O-жоқ деп айт" бағдарламасы адамдарды қарапайым судан гөрі кока-кола ішуге шақырған. Бұл бағдарламаның негізі бойынша, мейрамханаларда ауыз суға тапсырыс берген адамға "кока-кола" сусыны ұсынылатын.

"Кока-коланың" құрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бүгінге бар білетініміз бұл "кока-коланың" қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

Не ішсеңізде де, өз еркіңіз. Ал біздің редакция сізге пайдасы бар мол 8 сусынды ұсынады.

 

Кока-кола ішкеннен кейін...

Кока-коланың зиянын осымен бірнеше рет айтсақ та, оны әлі тастар емессіз. Әлем бойынша танымалдыққа ие болған сусынның ағзаңызға тигізер кері әсерін тағы бір мәрте біле отырыңыз.

Сонымен кока-кола ішкеннен кейін сіздің ағзаңыз қандай жағдайда болады?

10 минуттан кейін

Кока-коланың құрамындағы 10 қасық қант ағзаға сіңе бастайды. Қанттың бір күндік нормасы кока-коланы бір ішкенде қабылданады екен. Соншама тәтті сусынды ішіп, ағза құсқысы келеді, алайда бұны кока-кола құрамындағы фосфор қышқылы басады.

20 минуттан кейін

Дәл осы уақыттан кейін, қандағы инсулиннің шамасы күрт көтеріліп, бауыр қабылдаған қанттарды майға айналдыра бастайды.

40 минуттан кейін

Ағзаңызға кофеин түгелімен сіңіп, көздің қарашығы үлкейеді. Бауыр қанға қантты көбірек бөліп, қан қысымы көтеріле бастайды. Аденозинді рецепторлардың сезгіштігі төмендеп, өзіңізді сергек сезінесіз.

45 минуттан кейін

Ағзаңыздан "дофамин" атты гормон бөліне бастайды. Бұл гормон миға әсер етіп, сізге ләзаттық сезімін сыйлайды. Айта кетсек, героиннің де әсер ету механизмі дәл осындай.

Бір сағаттан соң

Кока-кола құрамындағы фосфор ас ішектеріндегі кальций, магний және мырыш элементтерін айдап, зат алмасуды тездетеді. Нәтижесінде кіші дәретке барғыңыз келеді. Дәретпен бірге, кола ағзадағы кальцийді шаяды.

Бір сағаттан көбірек уақыттан кейін

Кіші дәрет арқылы ағзадан кальций, магний, мырыш, натрий элементтері мен су шайылып шыға бастайды.

 

 

“Coca-cola” шәрбәтінің дәмін білерсің, Ал қалай дайындалып,қандай зиян әкелетінін білмессің!

Кока-коланы өндiру тарихы. Бiлгеннен кейін қайтіп ішкің келе ме?) Коланың құпиясы да осында: ішкен сайын, одан әрі ішкің келе береді...

P.S. Түркияда оның жасалу жолын білгеннен-ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кеінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат-қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін БІЗБЕН не қылмақ?! О_о

"Coca-Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: "La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе...

=

 

Кока-кола

 

 

 

Кока-кола ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады

«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штаты, АҚШ) Атлантада ойлап тапқан

Тарихы

Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланы бір фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар).

Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.

1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы «Кока-коланың» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кока-кола 120$ ақша айналымымен АҚШ-тағы ең танымал сусындардың біріне айналды. Ағылшын жазушы-фантаст Герберт Уэлсстің «Тоно-Бэнге» романы кока-коланың жарнамасы мен таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York Tribune» газетінде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Содан кейін кока-колаға коканың жас жапырақтарының орнына, «сығылып», бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.

Кока-кола КСРО-да және Ресейде

1915 жыл дизайнер Эрл Р. Дин 6,5 унциялы жаңа шөлмек ойлап табады. 1955 жылы кока-кола 10,12 және 26 униция көлемінде сатыла бастады. 1988 жыл]ы «Кока-кола» КСРО бойынша сауда нарығына шығады. 1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш КСРО-да Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.Кока-кола 1999,2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта «Кока-кола» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.
Әлемдік спорт қозғалысын қолдаушы

1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.

1979 жылы «Кока-кола» АҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитетінің Америка олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987 жылы «Кока-кола» Ұлттық олимпиада комитетімен келісімге қол қойып, Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі болады.
Әлем футбол чемпионатын қолдаушы

1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. 1974 жылдан бастап «Кока-кола»ФИФА-ның ресми серіктесі, ал 1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатында Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырады.
Денсаулыққа әсері

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін.ейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.
Баламалы қолданыстары

Кока-коланың құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, татты жоя алады. Сондай-ақ кока-кола шәйнектегі қақты кетіруге пайдаланылады.Ақтөбе қаласындағы «Диапазон» газеті 2009 жылыҚазақстанның ең таза қаласы болып есептелетін Орал қаласында Жеңіс алаңын Кока-коланың көмегімен тазалап шыққанын хабарлайды.
Сусынның құрамы

Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы просто Coca-Cola нұсқасы берілген.

 

Кока-Кола ішкен жігіттің тістері түсіп қалды

Австралияда Уиллиам Кенневел есімді 25 жастағы азамат Кока-Кола сусынын көп тұтынғандықтан, бүкіл тісі саудырап түсіп қалған.

Ол бала күнінен осы сусынды ішуге әуес болғандықтан, әр күні 8 литрге жуық кола ішеді екен. Ал бұл сусынды іше алмаған күндері көңілі жайсызданып, байыз таппайтынын айтады. Дегенмен, бұл қалыпсыз әдет оны үлкен өкінішке алып келді. Енді ғана 25 ке толып, тас шайнайтын кезінде бүкіл тісінен айрылып қалды. Енді жас жігіт жалған тіспен күн өткізуге мәжбүр.

 

Дәрігер оған осыдан біраз жыл бұрын-ақ осы сусынды ішпеуге насихаттаған. Бірақ, ауруға айналған әдет қалмаған. Бұл сусын оның бүкіл тіс тамырына әсер етіп, шірітіп жіберген. Ең соңғы 13 тісі қалған кезде дәрігерлер бұл шіруге айналған тістер басқа ауру тудырмас үшін амалсыздан жұлып тастаған. Бұдан бөлек, ол осы сусыннан асқазан ауруларына да душар болған екен.
Иә , зиян жақтары кө-ө-өп екен біліп алдым.Сосын кока кола логотипін теріс оқыса арабша екен оны аударса сіз айтқандай жазылып тұр екен деп маған ескертпе суреттер жіберген еді.Мен сенбей қойғам.Арабша оқи алатын адамдарға тексертпесе
+1 дауыс
Шет елдерде коко-коланы майлы дақтарды кетіру үшін қолданады екен. Коланы көп ішу қауіпті ауруларға соқтырады. Дәрігерлердің айтуынша жүрек аритмиясы, гинекологиялық аурулар .т.б. осындай қатерлі дерттерге. Ұлттық сусындар іш дұрысы:қымыз, шұбат. Шырынды жемістер де өте пайдалы. Сарыағаш суы деген бар, көп қой коладан басқа..
+1 дауыс
Кока-коланың этикеткасын мұқият оқысақ, құрамында ортофосфор қышқылы бар екенін көруге болады. Ол адам асқазанын, бауыры мен бүйректерін бүлдіріп, созылмалы ауруларын тудырады. Негізі, Кока-кола мен Пепси-коланы газ плитасы, раковина, тоңазытқыш, автомобильдің баллондарын жууға пайдаланған жақсы.
+1 дауыс
менің ойымша кока коланың зияны жоқ сияқты. Егер зиянды болатын болса онда мүлдем кока коланы көбейтпес еді ғой
Арақ пен темекі де зиянғо сондада көбейтіп жатыр сол сияқты олда
0 дауыс
Мен бір әкемнің досы білемін жұмыс істейді тапсырыспен жеке бинзнеспен жұмыс істеген де кококола ішеді  5 жылдай болды ішіп келеді бір грамм ауырғанын көрмепін?
0 дауыс
Кока Коланың зияны ондай қауіпті емес қазіргі газды сусындармен бірдей. Тек кока коланың көп сатылымға түсетіндіктен алып қашпа сөздерде көп болады. Яғни кола бренд болғасын оларды көре алмаушылықтан алып қашпа сөздер көбейіп кетті.

Егер кола біздің ағзамызға соншалықты зиян болса біздің елде неліктен бұл сусын сатылады дейсіз? Егер соншалықты зиян болса денсаулық министирі мұны біздің Қазақстанға кіргізбес едіғо...
ия, олай болуыда мүмкін. Жауаптарыңызға рахмет!
Арақ пен темекі де зиянғо сондада қолданыста сол сияқты олда қолданыста
0 дауыс
Кока кола ышыу зиян адамга Қарабатыр дурыс айтасыз
0 дауыс
Менің өз ойым кола және т. Б газды сусындар адамды семіруге алып келеді.
...