0 дауыс
2.4k көрілді
Шығарма керек. 1.Ежелгі дәуір әдебиеті- ғасыр құндылығы. 2.Ғұлама ғалым Әбу насыр әл-Фараби. 3.Ел еркіндігі- бостандық деген үш тақырыпта.

1 жауап

0 дауыс
Әбу Насыр әл-Фараби

 

         Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едәуір ерекшеліктері болды. Мұнда қайта өрлеу (Ренессанс) Батыс елдерінен 5-6 ғасыр ерте, яғни ІХ-ХІІ ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда қатынасын күшейіп, экономикасын дамытуға әсерін итгізді. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі

 

Ғалымдардың ішінде Әбу Насыр әл-Фараби, Әл-Бируни, Ибн-Сина (Авицена) ерекше орын алды.

         Әл-Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы – Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” , “Шығыстың Аристотелі” ұлы ғұлама.

         Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.

         Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған болатынды. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны “екінші ұстаз” (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің “Жан туралы трактатын 200 рет қайталай оқыдым”, - деп жазып қалдырған.

         Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Әбу Насыр Бағдатқа бармастан бұрын, жолшыбай Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып,  білімін жетілдіреді. Кейін Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан кейін әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әбу Насырдың Бағдатқа баруының өзінің себептері бар.

         Аты әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд: “ІХ-Х ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Евфрат аралығындағы ескі мәдени орталықтар болған Басра мен Харранға шоғырланды. Бағдат – бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты”1, - деп жазған. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдат болған.

         Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Араб ғалымдарының бір Ибн Халликан өз еңбегінің бір жерінде жерлесіміз жайлы былай дейді: “Ол-аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады”.

         Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Серияға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.

         Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Әбу Насыр Аристотельдің “Метафизикасын” қырық, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан. Осындай зеректігінің арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін меңгерген.

         Әл-Фарабидің өзі де “Кемеңгерлік меруеті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің тип мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”,  “Бақытқа жету” сияқты т.б.көптеген еңбектер жазған.

         Ол сонымен қатар тәрбие және білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларында құнды пікірлер мен қағидалар қалдырған. Әсіресе, жақсы мінез-құлықты қалыптастыру және дағды ме әдетке ерекше мән берген.

         Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т.б.тәлімгерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде Әл-Фараби ұстаздың өнегелік, тәлімгерлік қасиеттеріне мән берді.

         Ғұламаның айтуынша, белгілі тәлімгер-ұстаз өзінің жеке басына он екі тума табиғи қасиетті, алты өмірге келгеннен кейін қалыптасатын қасиетті бойына сіңірген дана адам болу керек деген болатын-ды.

         Оқыту – баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы іске асатын болса, тәрбиелеу – шәкірттердің бойында жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, ерік-қайратты тәрбиелеуге мән берді.

         Әл-Фарабидің психологиялық көзқарасы туралы айтқанда, әртүрлі психологиялық тақырыптарда бірнеше еңбектердің авторы ретінде де, қазақ топырағында психология ғылымының негізін қалауға да ерекше үлес қосқаны белгілі. Мәселен, “Жан туралы”, “Ақыл-ой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы сөз”, “Жанның мәні туралы”, «Ақыл-ой және ұғым » тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.

         Әл-Фарабидің тағылымдық-тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе – шешендік өнері туралы айтқан қағидалары.

         Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейіне түю, сондай-ақ оған ой-жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады «Көзін жеткізу» терминінің осындай мағынада алыну себебі мынада: Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған, бір-біріне сөз салған, бір-бірімен әңгімелескенде, бір нәрсені дәлелдеп көз жетекізу үшін шешімдер қабылданған кезде білімдік пікірлерді жиі келтіреді. Пікір мен шынайы білім көзқарас мағынасында ортақ сипатқа ие болады.

         Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкіортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан-жақты.

         Әл-Фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, саз жайлы еңбектері де күні бүгінге дейін терең зерттеле қойған жоқ. Әбу Насырдың көптеген туындылары дүние жүзі кітапханаларында сақтаулы, бізге беймәлім күйде. Оларды іздестіру, жарыққа шығару, сөйтіп халықтың игілігіне айналдыру – болашақтың зор міндеттерінің бірі.

         60-жылдардан бастап Қазақстанда да әл-Фараби мұрасын жинақтау, бастыру, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Ә.Марғұлан, А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Кобесов, Қ.Жарықбаев т.б. бастамасымен 1968 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының жанынан Фарабитану тобы құрылды. Осы «Фарабитану тобы» Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мұрасын жинау, аудару және жарыққа шығарумен айналысты. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне Әл-Фараби есімі беріліп, онда ұлы ғалымның дүние жүзінде тұңғыш рет мұражайы ұйымдастырылды. ҚазМУ алаңына әл-Фараби ескерткіші орнатылды.

         Әл-Фарабиден кейін ғұмыр кешкен араб жылнамашы-тарихшыларының Отырар перзенті жайлы естеліктері – зерттеушілер үшін аса бағалы қазына. Араб тілінде жазылған бұл дүниенің алғашқы авторлары Х ғасырда өмір сүрсе, яғни, Әбу Насырмен тұтас болса, басқалары ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген. Солардың бірі – Захир ал-Дин Әбу-л-Хасан әл-Байһақи. Оның «Даналық сөздерге толықтырма» деген еңбегінің көшірмелері қазірге дейін қолжазба күйінде Тегеран, Ташкент, Бомбей, Хайдарабад, Лондон кітапханаларында сақталып келеді.

         Әлемдік мәдениет тарихында тамаша оқиғалардың бірі болған, әлемдік мәдениет тарихында жарқын беттермен белгілі араб мәдениеті немесе Мұсылман Ренессансы деп аталатын ІХ-ХІ ғасырлар болып табылады.

         Мұсылман Ренессансы (қайта өрлеу дәуірі) әлемдік мәні бар өте маңызды құбылыс болды.

         Бұл кезеңде исламның дүние жүзіне тарауы және рухани мәдениеттің гүлденуі және ғылымда ғұламалардың тамаша ғалымдардың дүниеге келумен ерекшеленеді.

         Бұл кезеңде ғылымның дамуы екі бағытта іске асты:

         Бірінші ғылыми бағыттың өкілдері исламның діни идеологиясын философиялық тұрғыдан талдаумен немесе философиялық ой пікірдің мәселелерін шешумен айналысты.

         Екінші бағыттың өкілдері жекеленген ғылыми пәндерді немесе ғылыми мәселелермен шұғылданды.

         Шығыс Ренесансының хронологиялық шегі Қазақстан мен Орта Азияда ІХ-ХІІ ғасырлармен байланысты. «Мұсылман Ренесансы» исламмен тығыз байланысты. Бұл кезең ислам дінінің қалыптасуы және таралуы, мұсылман империясының пайда болуы.

         Бұл кезеңнің нақты тарихи жағдайы «ақыл-ойдың ғұламаларының тууына» және рухани ортаны өзгертуге ұмтылды. Бұл кезеңнің жарқын жұлдыздарына әл-Фарабиді, Ибн-Синаны, Махмуд Кашкариді, Жүсіп Баласағұнды, Ахмед Яссавиді және т.б. жатқызуға болады.

         «Мұсылман -Ренесансы» әлемге не берді? – деген сұраққа ең алдымен – ғұлама ойшылдардың дүниеге келуіне себепші болды. Олардың өмірбаяндарында мәселен, әл-Фараби қазақ топырағында дүниеге келгенімен, ол шығыс мәдениетіне, шығыс халықтарына ортақ мәдени мұра қалдырды.

         Абу Насыр әл-Фараби орасан зор маңызы бар ғылыми мұра қалдырды. Оның ғылыми көкжиегінің кеңдігі, реформаторлық идеялары, әмбебап ғұламалығы таң қалдырады.
...