+1 дауыс
5.7k көрілді
Маған үйлену тойга жақсы тілектер керек.  Алдын ала рахмет!!!

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Бірінші тілек тілеңіз.
Сәждеге бас иіп, Аллаһтың құлы болуға.
Екінші тілек тілеңіз.
Халқыңның әркекез қалаулы, Алаштың ұлы болуға.
Үшінші тілек тілеңіз.
Үш жұртыңа қадірлі, Ортақ бір бала болуға.
Төртінші тілек тілеңіз.
Төрт құбылаң тең болып, төрде бір дана болуға.
Бесінші тілек тілеңіз.
Бес күндік жалған сапарда, бес уақыт намаз оқуға.
Алтыншы тілек тілеңіз.
Алшы боп түсіп асығың, жол бастауға қатарға.
Жетінші тілек тілеңіз.
Жеті ата аспай қыз алып, ұятты болып қалмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз.
Сексенге келіп сенделіп, төрде бір төсек тартпасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз.
Тоғыз ай сені көтерген,анаңның ұлы болуға.
Оныншы тілек тілеңіз.
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты әкеңнің ұлы болуға.
+4 дауыс
Тілек деген жүректен шығады,сұрап алған тілек қайыршылық.
Базар жоқққққ! Өзімде тілек іздеп жүрмін бірақ! Әрине іздеп жатқанмен де тілекті өзім шын жүрекпен айтқым келеді! Бірақ кішкене айтқан менде әдемілеп айту керек қой!
+3 дауыс
[Мына жерде][1] біраз тойға арналған тілектер бар! Қарап көр!!!


  [1]: http://kuttybolsyn.kz/d1241st1199rli-tojlar1171a/1198jlenu-tojy/
+1 дауыс
[Мына][1] сайтта көптеген тілектер бар.


  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz
0 дауыс
www.kuttybolsyn.kz сайтынан іздеп көріңіз
...