+2 дауыс
678 көрілді
Қалай ойлайсыз Қазақстан шынайы өнерді бағалай алады ма? Неге біздің елде фонограмманы алып тастамайды? Кейбір елдерде тыйым салды.

3 жауап

0 дауыс
Жоқ, бағалай алмайды. Мысалға мұзда сырғанау, мәнерлеп билеу,  суретшілік, иіліп өнер көрсету, акробатика сияқты көптеген өнерді таңдағандарға не болғанын білесіз бе? Кейбіреуі жұмыссыз қалды, ал шебер болып шыққандары шетелдерде өнер көрсетеді (әрине, ол жақта "Қазақстаннан келген  Пәленбай" деп емес, өздерінің елінде тұратындықтан "Отандық өнер иесі Пәленбай" дейді), оларды Қазақстанда ешкім танымайды. Мұны "Жұлдыздар отбасынан" оқығанмын. Қазақстанда әлі дамымаған талай талай өнер түрлері бар.

Сіздің сұрағыңыздың санаты өнер болғандықтан жазғаным, ал музыка жағына келсек, оны қолға алатын адал адамдар таппай жатыр ау осы. Себебі оған көңіл бөліп, ақша шығарса 10/1 бөлігі ғана атақты музыканттарға ма, тұтанбай жатып сөнетін байғұс дуэтсымақтарға ма, тиеді, ал қалғаны "по пути" "остановкалардың" бәрінде де біртіндеп жоғала береді.

Қазіргінің музыкасы тек жастарға арналып шығарылуда. Ал музыканың қадірін білетін ағаларымыз әннің +, -тарын айтып сын жазса, бітті, көре алмаушылық, көзбояу, пиар деп шыға келеді. Себебі журналистер де, мектеп мұғалімдері де, жұмысшылар да, билікке кеп жатқандар да жастар, сол молодежный  музыканы тыңдайтындар.  Мысалға Қайрат Нұртастың бір әнінің кемшілігін жазшы, реанимациядан шығасың, сотталасың, штраф, боғауыз сөздер естисің)))
Әй қарағым, Нұртасты қатты, асыра айтып жібермедіңба? Біздің, Бейнеуде екі рет таяқ жеген соқыр пендеғо, өтірік атақ, басқаны менсінбеуі, халықты алдауы, уәде етілген концертке келмей қалып, бірақ ақшасын алып алуы. Бұндай подделкаларға жаза жұдырық пен оқ емей немене? Келсін, тағы да сабап тастайын!
Ішетіні де рас екен, "мамина сыночек", ақшаға ғана сенеді, бір жұмыс та қолынан келмейді, менмен әрі тәкаппар, автограф та беруге ерінеді дейтіні рас па? Алматыдағы концертін жалғастыра бергенде ештеңе болмайтын еді дейді. Халық ақшасынан тегінге айрылғысы келмей шабуылдаған дейді? Егер рас болса бұдан да артығына лайық екен.
0 дауыс
өмір біркелкі емес..бірде тегіс енді бірде олай емес...бұл да дәл солай...кей жерде өнер бағаланса..кей жерде бағаланбай жатады...
0 дауыс
Сұрақ қызық) Әрине, маған қызық болып көрініп тұр. Жалпы, Қазақстан деген жәй ғана атау ғой, ол тірі адам емес.

Жалпы, Қазақстан (СССР мемлекеттерін қосқанда), материктегі адамзат жетістігі мен еркіндігін аз бағалайтын территория. Әсіресе, СССР аумағының исламды қабылдаған аумағы мүлде артта қалып кеткен елдер деп ойлаймын. Ол жақтарда бос көкірек, агрессияны көп бағалайды. Өнер, ғылым, білім деген тамаша жетістіктерді бағалайтындар өте аз. Соның кесірінен, оларды бағалайтын елдердің жеткен жетістігінің өнімдерін қымбатқа сатып алады. Қарапайым мысал, осы аталған территорияның бір қарапайым отбасын алсақ, олар балаларына осы мектепке дейінгі жасы ғой, бұл баланың психологиялық қалыптасатын кезі, жөнді тәрбие мен үлгі беріп, жаманнан аулақ болуы үшін, өзіміз баланың көзіне дұрыс көрінейік, бір-бірімізбен дұрыс қатынасып, мейірімділік танытайық. Адам баласы ғой, жаңадан бұғанасы қалыптасып келеді, қателеседі,  қателіктері мен балалық қылықтарына кешіріммен қарап, оның дұрысы қалай болады, соны жөнмен көрсетейік деудің орнына, ұрып түзетпек болады. Қарағым, майысқан темір немесе пластикті түзетпек болып ұрса сынбай ма, қазақ айтқан, темірді қызған шағында соқ деп, яғни үкілеп қосқан үмітіңіз нағыз қызған шағында керемет мотивациялық қолдау көрсетсеңіз, балаңыз тау қопаруға әзір. Тірлікке үйретейік, қарапайым тазалық пен гигиенадан бастап, жеке басты, тән саулығы мен сұлулыңына назар аударсын, ауласын жинақы ұстап, ағаш, өсімдік, гүлдер баптап, айналаны жайнатып ұстап, аулада тұрған үйдің әр қабырғасын қалай тік тұрғызылуы керектігін үйретейік деудің орнына, диванда жалпайып жатып алып, ТВ-ден тарайтын құсық проблеманы көруге әуес. Әрине, өмір деген керемет, ал екіншісі айтады, өмір деген қиын деп. Екеуі де дұрыс, бұл екеуінің бірін таңдау - адамның өз еркіне қалдырылғаны ақиқат.

Рас, біздің қоғамның бет бейнесі - елдің экономикасы, ғылым, білім сапасы мен жалақысынан көруге болады. Және, егер кімде-кім біздің қоғам керемет деп есептесе, әрине қуана білген адамға ырза болып, қуанышы шынайы болсын дегеннен басқа айтар жоқ. Ал, егер адам өз қоғамына көңілі толмаса, жылай бермей, ортаға өзі шығып үлгі болсын! Тарихта бұндай тәуекелге барған адамдар өте көп.

Жалпы, өз ойың - өз өміріңді қалыптастырады дегеннен басқа айтар жоқ.

Егер әр нәрсеге алаңдай берсе, адамның өмірі мәнсіз, құсыққа айналады. Және тағы, бұл уайымдар іс арқылы дәлелденбесе, адам өзін құртумен қатар, бұл ойын басқаға айту арқылы, басқаның да санасын улайдеее)))
...