ACTIV номермен жасырын қоңырау шалған болса интернет арқылы ашуға болады. Ол үшін сізге қоңырау шалған кезде 1, 2 секунд ұстап қаласыз да, соққан уақытын есте сақтап аласыз. сосын келесі күні www.activ.kz сайтына кіресіз. Жоғарысындағы меніңactiv дегенге барасыз. Телефон жазатын жерге номеріңізді жазып, пароль жазатын жерге паролыңызды жазып (пароль алу үшін 245 деген номерге бос емес тегін смс жолдайсыз) жүйеге кіресіз. Сәтті кірген болсаңыз Аты жөніңіз бен номеріңіз экранға шығады. Сосын өз менюіңіздің сол жақ бетіндегі детализация дегенге барасыз. Соғылған қоңыраулардың жағдайын шығарып алғыңыз келген уақытты көрсетіп шолу пернесін бассаңыз, қоңыраулар тарихы шығады. Сізге жасырын қоңырау шалған адамның номері де сізге көрініп тұрады. Сол файлды 2 түрлі форматта компьютеріңізге жүктеп алуыңызға болады. Осымен болды.
авторы:медетбек абдуллаев деген қолданушы