+3 дауыс
39.8k көрілді
Бір құрбымның шаңырағы шайқалайын деп тұр. Осыдан 3 ай алдын ғана тұрмысқа шыққан болатын. Жақында қатты ауырып 2 айлық баласын жоғалтып алды. Дәрігерлер инфекция түскен депті. Ал күйеуі :-Инфекция тек жыныстық жолмен жұғады, сен басқа біреумен жүргесін деп кінә тағып отыр. Құрбым ондай қыз емес. Инфекция қайдан пайда болады? Анықтап түсіндіріп жібересіз бе?! Алдын ала рахмет.
Барлық жауаптар мен пікір жазғандарға рахмет. Алла разы болсын!

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәрігерлер инфекция деп айта береді. алдымен күйеуі екеуі бүткіл инфекцияға анализ тапсырады. Содан соң инфекция бар ма жоқ па анық қанығына көз жеткізуі керек. Егер шынымен инфекция табылып жатса оны емдеп барып көтеру керек, әйтпесе жағдай тағы қайталануы әбден мүмкін. Ол түрлі жағдайда түсіп қалуы мүмкін ( тымау, ауыр көтеру, баняға түсу, рентгенге түсу т.с.с). Күйеуі қызық екен, сонда не ол өзі бойдақ кезінде қызға бармадым дей ма? Керісінше бар бәле солардан. СОЛАР КЕЗІНДЕ ЖАМАН ҚЫЗДАРҒА БАРАДЫ ДА ТҮРЛІ АУРУ ЖҰҚТЫРЫП СОЛ ҚАНДА ҚАЛЫП ҚОЯДЫ. Инфекция деген жаман нәрсе. Одан тезірек құтылу керек. Баланың шетінеп кетуі, іште өліп қалуы, түсіп қалу осының көбісі- инфекциядан болады.
"инфекция"- деген "ЖИТС" деген соз емес, маселе кандай инфекция соны аныктап алган дурыс . бул жерде кінәліні табу емеской. инфек-яның турі коп асіресе жуктілік кезіндегі тумаудың озі іштегі бала мен ана омірі ушін оте кауіпті болып саналады.   инф-я деген ге бірден ЖИТС деп шу шыгаруга алі ертерек тек акылга салуып дарігер кенесін  алу оте манызды бул жагдайда .................
+2 дауыс
Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

— жыныстық қатынас;

— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);

— анасынан нәрестеге жұғу арқылы.

Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.

ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.

Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.

ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйел-дерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі. ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, бұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет. АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзінді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді. Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес. Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес. АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайда-анғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұкпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ. Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған. Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке үқсас иммундық тапшылық болатынына карамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.

ЖИТС жұғудан қалай сақтанады? Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:

— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;

— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Жоқ, бұл жерде ешқандай ЖИТС- митс жайлы айтылмаған. ЖИТС жынысты жолмен жұғады, ал бала түсуі мүлдем басқа. Кейбір әйелдердің организмі (пол. орган) инфекцияға бейім келеді. Құрбына айт дұрыс тамақтанып, иммунитетін көтерсе әрі таза жүрсе қайта бала көтеруге болады.
+2 дауыс
Көркем қыз! Бұл жағыдайда іштегі балаға инфекция тек қан айналу жүйесі арқылы ғана жұғуы мүмкін. Мысалы, тұмаудан, суық тиюден, асқазан-ішек ауруларынан. Жыныстық жолмен жұқпайды, жатырда плацентарный барьер деген қорған бар.
+1 дауыс
Менің түсінігімше мазоктан немесе ИФА анализінен инфекция анықталып отырған сияқты.Ондай инфекция пайда болмайды,тек жыныс жолмен ғана жұғады. Екейінің біреуінен күдіктену керек ... Жігіттен болуы да мүмкін. Өйткені кейбір ондай инфекциялар созылмалы түрде(1-2ж) ағзада сақталады
+1 дауыс
қазір барлық жағдайда неше түрлі инфекция, вирустар түрі өте көп. сондықтан күнделікті міндетті түрде шыйынып жуынып таза жүріп, таза тамақтану қажет. Небір гепатит вирустары да, жыныстық жолмен таралатын вирус, инфекциялардың түрі көп. Сондықтан жыл сайын тексерілуден өтіп отырғанымыз жөн. Онкологиялық вирустар да болады екен.вирус  Папилома человека деген де түрі бар. сондықтан барлық жағдайдан өзімізді сақтандырғанымыз жө. Даже выделениены алайық, ойлаймыз спринцевание жасаймыз. өзімізше ем жасаймыз. оның ішінде қауіпті вирустар болуы да мүмкін.
0 дауыс
Винерический инфекциялар ЖҚ арқылы жұғатын, инфекцияның түрі көп, бала шетінеуіне көп кездесетін минигококк болуы да мүмкін, ол кез келген жағдаймен жұға береді, хоть тұрмыстық заттар, ауа тамшы ......... Бала шетінегенін естісем өмірден түніліп кетем... Күйеуін де түсінуге болады, күйгеннен ойлайды әр нәрсені. Дәрігерлер дұрыс түсіндірмеген болып тұр ғой,
0 дауыс

басымнан өткен бір жағдайды айтайын. мен мед-а маманымын. менің келіншегім бүйрегі ауырып қалада диагностика орталығында зерттеліп ем тағайындалды. арада 1 ай өткенде 2-рет бүйрегі  ауырып ауруханаға түсті ( мен бұл уақытта іс сапарда едім ). сол кезде ауданда врачтар 1 ай бұрын қойылған диагноз бойынша ем қолданып, өте күшті препараттарды қолдану нәтижесінде келіншегім түсік тастаған болатын. бұл жерде врачтардың қателігі, жүктілік жасындағы әйелді бірінші жүктілікке анализ алып, содан соң ем қолдануы керек болатын (яғни жүкті болса балаға әсер етпейтін дәрілер тағайындалады). ал олар мұндай тексерулер жасамай 1 ай бұрынғы анализ бойынша ем қолданған.

мен бұл жағдайды келіншегіммен  телефонда сөйлесіп турып диағнозын қойғанмын. мен не бары колледж бітіргем , ал олжерде тәжірбиелі дәрігерлер жұмыс жасайды.

мен дер кезінде ауылыма қайта алмадым, дәрігерлер сол кезде инфекцияның кесірі деп келіншегімді сендіріпті ...

МІНЕ ТАҒЫДА ИНФЕКЦИЯ... шамасы бұл жауап беруден жалтарудың төте жолы.

0 дауыс
менің сіздерден сураиын дегенім бір қурбім жукті еді алдында бір кқтерген баласы іште өліп қалған осы жолы тағы жукті болды дарігерге барып айтқан екен дарігер инфекцияға анализ тапсір деген екен аналйз қортындысы инфекция бар деп көрсеты енді не болады  ?қалай емдеуге болады ????
...