+1 дауыс
2.4k көрілді
«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

1 жауап

0 дауыс

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы

ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
2009 - 2012 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 8 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 308 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.

2013 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ  жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:

Мемлекеттік қызмет .
Бизнес-қауымдастық.
Қоғамдық саяси қызмет.

Іріктеу туры бірнеше кезеңдерде өтеді:

Жобаның ресми сайтында анкета толтыру , ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу). Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.
Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау (тестілеуді өткзу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады).
Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның 32 үздік қатысушысын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсантбойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады. 

Бұдан әрі, конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік  мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша неғұрлым жоғары рейтинг жинаған 32 конкурсқа қатысушы сертификат алады және мемлекеттік қызметке, бизнес саласына және қоғамдық қызметке келіп түскенде барынша жоғары лауазыммен айналысу үшін резервте тұрған адамды жылжытуды қарастыруға ұсыну болып табылатын кадрлық резервке тіркелетін болады.

Байқау қызметтік өсуге ынталандырылған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары дамыған мамандардың республикалық деректер базасы.

Бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кірудегі еліміздің жаңашылдық қадамын қамтамасыз ету үрдісінде, Қазақстан жастарын мемлекеттік қызметке дайындау мақсатында 2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығының II Форумында, 2010 жылдың 14 мамырында «Жас Отан» Жастар қанатының І Съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастар арасынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек деп» атап көрсеткен болатын.

2009-2012 жылдары аталған жобаға 8 000 астам жастар қатысып, олардың 308 адамы ашық байқауға қатысты. Олар білім беру бағдарламаларынан, тестілеуден, кәсіби қызмет бабының бағалануынан өтіп, мемлекеттік органдарда, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-та жұмыс жасайтын кәсіби жетекші өкілдерімен кездескен болатын.

Байқау барысында жобаға қатысушы түлектері – потенциалды стратегиялық ойлары мен қабілеттіліктерімен көзге түсті. Қазіргі таңда резервистер мемлекеттік қызмет, бизнес пен қоғамдық қызмет салаларында қызмет етуде.

2013 жылғы жобаға өзінің аналитикалық ойлау қабілеті жоғары және көшбасшылық мінездемелері айқын байқалатын қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Іріктеу төмендегідей кезеңдер бойынша өтеді:

1. Жобаның ресми сайтының (www.rezerv.kz) тиiстi бөлiмiндегi сауалнаманы толтыруы (жас шамасы, бiлiм, жұмыс орны, кәсiби дағдылар, эссе жазу тағы басқалар). Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі кезеңге 300 қатысушы іріктеледі.

2.  Іріктелген қатысушылар логика, мемлекеттік тілді білу және жоба қатысушысының психологиялық портретін анықтайтын тестілеуге шақырылады (тестілеудің кестесі мен өткізілетін орны 2 кезеңге өткен 300 қатысушының айқындалуынан кейін жобаның ресми сайтында жарияланады).

3.  Сұхбат қорытындысы бойынша 32 үздік қатысушы анықталады (әр аймақтан 2 қатысушыдан). Сұхбат ҚР-ның 14 қаласында жоба дирекциясы, аймақтық үйлестірушілер, «Болашақ» қауымдастығының сарапшыларымен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізіледі. Сұхбат барысында үміткер өз жеке жобасының презентациясын жасап, оны қорғауы керек болады. Үміткердің жобасы қатысушының тіркеу формасындағы тақырыпқа сай болуы тиіс. Өз тіркеу формасында жеке жобасын тіркемеген қатысушылар сұхбатқа жіберілмейді. Жобаның бағалау және оқыту бөліміне қатысуға мүмкіндік алған қатысушылардың соңғы тізімі республикалық сараптамалық комиссияның шешіміне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асады.

Бұдан әрi байқау қатысушылары отандық және шетелдік мамандарының қатысуымен білім беру бағдарламалары, дәрiстер, семинарлар, жаттығулар, мастер-класстар, (кәсiби құзырлардың бағасы) асессментке қатысып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдарда тәжірибеден өтеді.

Ең жоғары рейтинг жинаған үздік 32 қатысушысына жастар кадрлық резервi жобасының қорытындылары бойынша жоба сертификаттары табысталып, алады және мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет салалары басшыларына аталған жоба қатысушыларына жоғарғы қызметке өтуіне ұсыныс жасалады.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен жүзеге асырылуда.

Толық ақпаратты http://rezerv.kz/ сайтынан алуға болады.

...