0 дауыс
3.4k көрілді
ҚР заңнамасы бойынша Зейнетақы алуға кімнің құқы бар?

2 жауап

0 дауыс
Жұмыс істегендердің құқығы бар,ж/е мүгедектердің,Ардагерлердің зейнетақы алуына құқығы бар!!!!!!!!!!!!
0 дауыс

Зейнеткерлік. Біреулер құрметті демалысқа шығу сәтін асыға күтсе, ал енді біреулер бұл келешектен қорқады, алайда бұл тақырыпқа немқұрайлы қарайтын адамдар жоқ болар. Зейнеткерлікке шығуды сауатты түрде қалай ресімдеуге болады, зейнеткерліктен не күтуге және қалаулы нәтижеге қалай қол жеткізуге болады? Бұл туралы әңгімелейтін кез келді.

Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік жүйесі туралы:

Бүгінгі таңда Қазақстанның жейнетақымен қамсыздану үш деңгейден құрастырылғаны:

Бірінші деңгейде зейнетақы төлемдерінің қайнар көзі мемлекеттік бюджетке түсетін халықтың еңбек ететін бөлігі төлейтін салық төлемдері және басқа төлемдерден болады
Екінші деңгей—бұл Қазақстанда тұрақты мекендейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан азаматтарына арналған айсайынға табыстан 10 пайыз тіркелген мөлшеріндегі зейнетақы қорына төлемдер жасау міндетті зейнетақы жүйесі
Үшінші деңгей— ерікті мамандырылған зейнетақы төлемдеріне негізделген жинақтау жүйесі.

Зейнетақы алуға кімнің құқы бар?

Сонымен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке жинақтарын есепке алмағанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі төмендегі жағдайлар кезінде төленеді:

1998 жылға дейін зейнеткерлікке шығу;
Зейнеткерлік жасына жету;
Арнайы шендер, санаттық шендер тағайындалған әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілеріне, сондай-ақ еңбек жасы үшін зейнеткерлік төлемдер алу құқығына ие тұлғаларға.

МЗТО-дан зейнетақы алу үшін қандай еңбек өтілі қажет?

Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде есепке алынады: жеке және заңды тұлғалар төлейтін еңбек шарттары бойынша жұмыс;

әскери қызмет;
құқық қорғау органдарындағы қызмет;
мемлекеттік қызмет;
кәсіпкерлік қызмет;
бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және өзгенiң жәрдем көрсетуiне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiн ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде өздерi басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың /жасына қарамастан/ сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
бұрынғы кеңес мекемелерiнiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi әйелдерiнiң (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңi, бiрақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиiс;
офицерлiк құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар, келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшiлер және мерзiмiнен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшiлер әйелдердiң мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс;
Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқу;
әскерилендiрiлген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлiмдерiнде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
әлеуметтiк сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.

Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:

ұрыс қимылдары кезеңiнде майдандағы армия құрамындағы, оның iшiнде әскери борышын өтеу кезiндегi әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңiнде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерiнде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшiлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы тағайындаған кезде осы қызметтiң мерзiмiн есеп үшiн белгiленген тәртiппен;
әскери бөлiмдерiндегi жұмыс, оның iшiнде еркiн жалдамалы құрам ретiндегi жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екi есе мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейiнгi қоршау кезеңiнде Ленинград қаласында болған уақыты - екi есе мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екi есе мөлшерде;
заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты - үш есе мөлшерде;
Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiнгi кезеңде жұмыс iстеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейiнгiсi - бiр жарым есе мөлшерде;
алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөнiндегi жұқпалы аурулар мекемелерiндегi жұмыс - екi есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелерiндегi және емдеу мекемелерiнiң патология-анатомиялық бөлiмдерiндегi жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жұмыс тiзбесi бойынша бiр жарым есе мөлшерде;
толық навигациялық кезең iшiнде су көлiгiндегi жұмыс бiр жыл iстеген жұмыс үшiн есептеледi;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалар кәсiпорындарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.

Еңбек өтілін растау

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.
Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 1-тармағының 5) және 16) тармақшасына сәйкес қызметтi жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы құжаттармен расталады.

Қазақстанда зейнеткерлікке шығу жасы

2001 жылғы 1 шілдеден бастап Заңға сәйкес ер адамдарда – 63 жас, әйелдерде – 58 жасты құрайды. Төтенше жағдайлар мен ең жоғары радиациялық тәуекел аймақтарында өмір сүретін азаматтарда, сондай-ақ 5 бала және одан көп бала туған әйелдер үшін ерекше жағдайлар, зейнеткерлікке шығудың төмен жас мөлшері қарастырылған.

Ақпарат көзі: http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/employment/employment_relations/article/pensionnaya_sistema

...