+2 дауыс
2.3k көрілді
Қазақстандағы жаңа үлгідегі авто нөмірлері туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

МТНБ немесе көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі – Қазақстандағы әр көлік құралының міндетті белгісі. 2012 жылдан бастап жаңа үлгідегі МТНБ беру халықаралық стандарт нөмірлерінің негізінде басталды. Ескі үлгідегі нөмір белгілерін беру тоқтатылған, алайда нөмірлерді міндетті ауыстыру талап етілмейді. Жаңа үлгідегі нөмірлер олар толық тозғанға дейін пайдаланылатын болады.

Автоға мемнөмірді қалай алуға болады?

Автокөлікті сатып алуда, рәсімдеуде немесе қайта рәсімдеуде әр кезең өте маңызды, оның соңғыларының бірі автоға мемнөмірлерді алу болып табылады. Мемнөмірді қалай дұрыс алу керек және қажетті құжаттарды жинауда өз уақытыңызды үнемдеу үшін неғұрлым қолайлы тәсіл туралы аталмыш мақалада білесіз.

Автоға нөмірлерді алу үшін сізге Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

Толтырылған өтініш. Заңды тұлға ұйымның мөрімен расталған көлік құралдарын тіркеу бланкінде өтініш ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжат .
Жеке куәлікте тұрғылықты мекенжайы жоқ болғанда  - тұрғылықты жерде тіркелуді растайтын қосымша құжат (Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы ).
Төмендегілерді растайтын құжаттар:

жеке тұлғалардың көлігіне салық төлемін;
салық төлеуден босату құқығы – салық төлеуші болып табылмайтын тұлғалар үшін  ҚР Салық кодексіне сәйкес

Тіркеу туралы куәлік ТС (техпаспорт)
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), «Транзит» белгілері және кері шығару туралы міндеттемемен Қазақстан Республикасына енгізілген көлік құралдарының тіркеу құжаттары.

Мемлекеттік баж алым
автокөлікке - 2,8 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) = 4 847 теңге
1,4 АЕК - мотоцикл және тіркеме = 2 423 теңге
0,35 АЕК - «транзиттік» = 606 теңге

Егер сіз автоға мемлекеттік нөмірді жоғалтсаңыз

Мемлекеттік нөмірді жоғалтқан ауданда сізге табылғандар бюросына жүгіну қажет.

Әрі қарай сіздің мемнөмір анықталмаса, онда сізге жаңа МТНБ алу үшін мемлекеттік нөмірді жоғалту туралы ерікті түрде өтінішпен Ішкі істер департаменттерінің Жол полициясы басқармаларының тіркеу-емтихан бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

Жеке басты куәландыратын құжат  (+ көшірме)
ТС тіркеу туралы куәлік (техпаспорт).
Төмендегілерді растайтын құжаттар:

жеке тұлғалардың көлігіне салық төлеу  (+ көшірме);
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін төлемді  (+ көшірме);
салық төлеуден босату құқығы – ҚР Салық кодексіне   сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін (+ көшірме).

Жоғалту туралы өтініш.
Тұрғылықты жерінің мекенжайы жеке куәлікте болмаса – тұрақты тұрғылықты жерін растайтын қосымша құжат (Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы ).

Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері
Жеке тұлғалардың автокөліктеріне арналған нөмірлік белгілер

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 520×112(мм).

1А-типті – жеке тұлғаларға тиісті жеңіл және жүк автокөліктері, автобустарға арналған алдыңғы және артқы нөмірлік белгі.

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлік белгілердің өлшемі 240×202(мм).

2А-типті – бекіту орны 1А типті нөмірлік белгінің өлшемдеріне сәйкес келмейтін жеңіл автокөліктерге арналған нөмірлік белгі. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға тиісті жүк автокөліктері және автобустарға арналған артқы нөмірлік белгі.

Ақпарат көзі: http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=%2Fegovcontent%2Fvehicle%2Farticle%2Fgrnz&lang=kk

...