+2 дауыс
461 көрілді
СЖ сайтына  нигімді, паролімді жазып кіріп едім, содан бері СЖ сайты 502 Bad gateway деген қате шығып мүлде ашылмай қалады. Сіздерде де солай болды ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәке жұмыста мүлдем ашылмайды ма? Былайша негізі жақсы жұмыс жасап тұр. Маған бір қаражаттың келгенін бүгін ертең күтіп отырмын, егер сол қаражат түсе орыстардың хостингтеріне ауысып жатырмын. Қазақстандағы хостинг бағасы өте қымбат болғандықтан бүгін басқа хостинг қарастырған едім. Жақсы хостинг таптым, қазір тестілеуден өткізіп жатырмын, егер бәрі жақсы болса осы жексенбі күні соған ауыстыруға әркет жасаймын. Бағасы да екі есе арзан. Ал техникалық сипаттамасы мен қолданып отқан ВПС серверден де жоғары. Алдағы уақытта ауыстырып жатсам, Мәке өзіңе хабарласып ашып тұр ма, жоқ па екенін сұрап көрсем деп едім. :)
жаңа осы сұрақты қойғаннан кейін де үйден де ашылмай қалды. Браузерімнен сброс настроек браузера дегенді басып бүкіл кэш жадыны тазаладым, содан соң бір-ақ кіреді, бірақ тіркеліп сұрақ қояйын, жауап жазайын десем, бір 5-10 минуттан соң тағы да сол қате шығып мүлде кірмей қалады.
Сосын, сайтта мынандай бір қате пайда болыпты: мысалы жаңа мен мына сұрақты қойып едім, сол сұрақты мен біраз уақытқа дейін сұрақтардың арасынан таппай қойдым, біраз отырып "обновить" етіп едім, сосын бір-ақ көрдім.
Сосын, сұрағыма 1 жауап деп тұр, бірақ ашсам, 18 секунд бұрын сұрақ қойды деп тұр, сұрағыма ешкім жауап бермегендей көрсетіп тұр.
Мәке ол қателік емес :) Өзің білетіндей сайтқа қазіргі уақытта көп қолданушы кіреді. 80 пайызы ақпарат іздеп келеді, бірақ сайтқа тіркелмей ақпаратты алып кетеді. Олардың іздеген ақпараты 2 сағат бойы кеште сақтаулы болып, 2 сағаттан кейін жаңарады. Ол сайтқа тіркелмеген қолданушыға ғана солай, ал сайтқа тіркеліп сайтқа кірген қолданушыда нақты осы кездегі ақпарат көріне береді. Кэштен тек тіркелмеген қолданушыға ақпарат береледі. Осылай мен Деректер қорына қайта қайта түсетін нагрузканы 2-3 есе төмендете алдым. Тиісінше кешкі сағат 8-ден 11-ге дейін болатын ауыр запростарды жеңілдете алдым.
мммм. бәсе.
...