0 дауыс
11.9k көрілді
Әрбір өзбек «Мен өзбекпін—өзіме бекпін» деп өзін-өзі өмір бақи қамшылап өтеді. Өзбектің әйелдері жайылып—жастық, иіліп—төсек болады. Күйеуінің атын өлсе де атамайды, екі сөзінің бірі—қожайын сіздікі дұрыс деп, ( оныкі дұрыс болмаса да) бір қолына сүлгісін, екінші қолына құманын алып сызылып тұрғанын көріп қалай сүйсінбейсің? Өзбектің балалары бесіктен белі шықпай жатып, әке-шешесіне қамқор болып, көмектесіп тырмысып жатқанын талай көрдім. Үйінің алдынан өтіп бара жатсаң, қаршадай баласына дейін, танымаса да, «Ассалаумағалайкум» деп бір қолын жүрегіне қойып, екінші қолын беріп амандасып жатады.

8 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Өзбек хан, өзбек хандығы, өзбек ұлты  -  үшеуі үш түрлі дүние. Ал,шындығында өзбек деген ұлт негізінде болмаған, СССР құрамына енген соң, коммунисттер елдерді топтастырғанда, сарт-құрт-қалпақ-тәжік-қазақтарды топтастырып, Өзбекстан жасап жіберген дейтін бір тарихшы ағай.
Сенің пікірің өте дұрыс, тарихтағы Өзбек ханмен қазіргі өзбек екі түрлі. Қазіргі өзбектерден бізге жақыны тіл жағынан - қыпшақ-өзбектер. қалғандары араласып кеткен, тілдері де келмейді.
Тарихты жақсы біледі екенсіз, осындай тарихи сұрақтарға жауап беріп тұрады деп үміттенемін, қазіргі өзбек деп жүргеніміз сарттар олар иран тектес халық, тек тілдері ғана түркіленіп кеткен. осыған қосыласызба?
Нағыз сарттар - тәжіктер
Өзбек дегеніміз 16-шы ғасырда Шайбани ханға еріп келгендер болады да, сарт дегеніміз олар келгенде Мауараннахрдың байырғы тұрғындары. Өзбектер қазақ тіліне жақын қыпшақ диалектінде, Хорезмде тұратын сарттар парсы тілінің қатты ықпалына ұшыраған оғұз диалектінде, ал Ферғанада тұратын сарттар ұйғыр тіліне өте жақын және қазіргі өзбек тілінің бастауына айналған қарлұқ диалектінде сөйлеген. 1924 жылы кеңес үкіметі Орталық Азиядағы отырықшы түркі тілдес жұрттың бәрі «өзбек» деп аталуға тиіс деп шешіп, «сарт» деген атауға патшалық отаршылдық заманның қорлайтын сөзі ретінде тыйым салынды. Бірақ жаңа Өзбек КСР-ының тілі ретінде өзбектердің тілі емес, сарттардың тілі таңдалды.
Рахмет көп-көп, бар бол!
тәжіктер бұл-соғдылар!ал сарт деп жатқанымыз — (саудагер - санскрит) Орталық Азияның отырықшы халқының өкіліне қатысты қолданылған атау.сарттар белгілі бір этникалық топқа жатпаған;
+3 дауыс
Өз-өзіне бек, сұлтан деген мағына беред шығар :)
шығар емес анық солай
+3 дауыс
Өзбек ханның атауынан басталатын шығар
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
+1 дауыс
Өзбек деген хандықтан шыққан шығар. Тарихта Өзбек деген адам бар ғой. Бір сол өзбектердің қандай ұлт екенің білмеген соң Өзбек деп қоя салған ғой. Мемлекеттің атын!
өзбек деген қосылу, араласу деген мағына береді, яғни кезінде қазақ хандығы болмай тұрып, ақ ордадан ноғай ордасы бөлініп шығады, кейіннен сол орданы əбілқайыр басқаоғанда əбілқайыр хандығы деген қосымша атау беріледі. сол ханның заманында 200ге жуық ру тайпалар өмір сүрген, түрік (қыпшақ, найман, қоңырат, т.б)жəне түрік болып кеткен тайпалар, міне осылардың бəрін қосып өзбек деп жалпылама атау берілген...
+2 дауыс
Өзбек екіге бөлінеді. Сарт және Түркі. Бергі біз жақ бетіндегілер Қазаққа жақын. Тілдері де келеді. Ал арғы жақтағыларын аталарымыз сарт деген. Олар парсылар мен соғдылардың ұрпақтары. Әсілі Қазақ "өзбек - өзағам" деп сол бергі жақтарындағын айтса керек. Ал атауы Өзбек ханнан бастау алатын шығар.
–3 дауыс
мен бир тарих китап окып едим. Озбек магынасын былай тусиндирди.  Озбек сози 14 65ж атап айтылды. Себеби бир хан (атын умытып турмин). Сол хан же хандык курдык . Ози болинип кетти. Сондыктан  оз дегин угым болды.  Бирак казак хандыгы солардан болинип кетти. Казактан еки  турли магына шыгады. Кашкын, немесе оз алдына мемлекет куру. Сондыктан озбектин магынасы казактын магынасы уксас. Казирги озбекстан 1924 курылды
Қай кітапта есінде ма?
қазақтың арғы атасы? авторы елторы жалбағаев.
Мына қазіргі Өзбектерге "Өзбек" деген атау 1921-жылы қойылған және тым жасанды қойылған. Оларға "Өзбек" деген көшпенді көне халықтың атауын қойғанша, сол "Сарт" деген атауымен қала бергені дұрыс болар еді. Сол ғой Сізді қателестіріп отырған. "Сарт" деген атау қазір кемсіту сияқты көруі де мүмкін, бірақ кезінде бұл атау оларға мақтаныш болған. Ал біздің "Қазақтар" деген атау, керісінше, қазір мақтаныш болғанмен, 14-15 ғасырларда бұлай атау кемсіту сияқты болып көрінген.

Себебі, Сарттар өздерін отырықшы, мәдениетті, жүздеген шаһарлары мен керуен жолдары бар, оқымысты ғұламалары бар, оқу орындары, медреселері бар дамыған халық деп сезінген, ал іргесіндегі көшпенділерді, біздерді жабайы жалба тымақ қарақшылар ("Қазақтар" деген "Қарақшылар" деген сөз ғой). деп есептеген. Сөйтіп, "мәдениетті" Сарттар (Өзбектер мен Ұйғырлардың ата-бабалары) өздерін көршілес "жабайы" көшпенділерден (Қазақтар, Қырғыздар, Түрікмендердің ата бабалары) жоғары санаған. "Сарт" деген атау қолайсыз көрінсе, өздерін "Түркістандықтар", "Турандықтар" деп атасын. Алайда, олардың "Өзбек" және "Ұйғыр" деген ежелгі көшпенді халықтардың атауын иемдену орынсыз. Сол сияқты қазіргі "Қыпшақ" дейтін Орта жүздің руын "көне Қыпшақтар" екен деп ойлау да қате. Көне Қыпшақтар деген - жоғарыда көрсетілген 92 ру-тайпадан құралған халық.

"Қазақстан тарихынан" сәл хабары адамның бәрі де біледі ғой: Керей мен Жәнібек хандар "Қазақ Хандығы" деп аталған мемлекетті алғаш құрғанда 15 ғасырдың орта шенінде "Көшпелі Өзбек мемлекетінен" бөлініп шыққан. Бұл ақиқатты ешкім де жоққа шығара алмайды. Қазақтарды алғашқыда "Өзбек-Қазақтар" деп атаған. Басқа Қазақтардан айыру үшін айтқан: бұл сөз - "Мұсылман Қазақтар" дегенді білдіреді. "Өзбек - өз ағам" деген сөз содан қалған. "Көшпелі Өзбектер" деген халық - қазіргі Өзбектер емес. Ал қазіргі Өзбектер, яғни Сарттар - ешқашан көшпелі халық болмаған. Оларда ру-тайпа дейтін жоқ.

Қазақтар қазіргі Өзбектерге ешқандай да туыс емес. Қазіргі Өзбектерге туыс халық - Ұйғырлар. Олардың арғы аталары бізге туыспақ түгілі Түркі тілдес халықтар емес, Өзбектер мен Ұйғырлар (жалпы Сарттар) күні кешегі 16-17 ғасырға дейін негізінен Иран (Парсы) тілінде сөйлеген. Кейін біртіндеп Түркілердің Шағатай тіліне ауыса берген. Сөйтіп, тілі Түркі тілдес, қаны Ирандық халық (Өзбектер мен Ұйғырлар) қалыптасқан.

Алайда бәрі сапырылысып араласқан заман ғой. Қазіргі Өзбектердің құрамында 15 пайыздай Түркі-Монғолдық құрам бар. Оларда да Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей сияқты даланың ежелгі көшпелі тайпаларының ұрпақтары бар. Өзбектердің құрамындағы көшпенділердің ұрпақтарының ішінде Орта Жүздің рулары басымырақ, ал Ұйғырлардың құрамында Ұлы Жүздің рулары басым: Дулаттар мен Жалайырлар, Үйсіндер.

"Өзбек - өз ағам" ,- дегенде Қазақтар "көшпелі Өзбектерді" айтқан. Ал "Сарт - садағам" ,- дегенде қазіргі Өзбектерді (қазіргі Өзбектердің ата-бабаларын) айтып отыр. Ал "көшпелі Өзбектер" дейтін халық қайда кетті, оның ұрпақтары қазір қайда. Бөлінбей тұрғанда, Керей мен Жәнібек хандардың халқы да "Көшпелі Өзбектер" болған. "Көшпелі Өзбектер" деп аталған халықтың бүгінгі ұрпақтары бес халық (Қазақтар, Өзбек қыпшақтары, Венгр қыпшақтары және Ноғайлылар, сонымен қатар Башқұрт Қыпшақтары), олардың атауы Алтын Орданың Өзбек ханының атымен аталған. Ол жай ғана "Өзбек ханның халқы" дегенді білдіреді. Алтын Орда қайда - Сарттар қайда. Қазір сол "Өзбектер" деген Алтын Орданың көшпенді халқының атауын мүлде басқа халық (Сарттар) иемденіп отыр.

Қазіргі Өзбектер де, қазіргі Ұйғырлар да - еуропойд халықтар. Қазақтар мен Қырғыздар - монголойд халықтар. Алайда, халықтың қандық туыстығын нәсілі шешпейді, ДНК құрамы шешеді. Мысалы, Сіздің балаңыз Орыстан не Түрікменнен қыз алса, немереңіз еуропойд болып шыға келеді. Өзбек пен Ұйғырдың гені (ДНК), яғни қаны бойынша жақын туыстары - Иран, Пәкстан, Ауған, Тәжік халықтары, ал алыс туыстары Үндістанның халқы. Ал Түрікмендер болса, тіпті шыныда да таза Еуропойд халық. Қазіргі Өзбектер, Ұйғырлар және Түрікмендердің Қазаққа қаны бойынша (ДНК) туыс болуы мүмкін емес. Алайда, Түрікмендердің Қазаққа мәдени-тұрмыстық жағынан жақындау болатын себебі - олар Сарттар емес және олар да Қазақтар сияқты ежелгі көшпенділердің ұрпақтары.

Ал Қарақалпақтарды қаны бойынша Қазаққа туыс деп ойламаймын. Тек сөйлейтін тілі ғана өте жақын. Еркін түсінесің. Себебі, олар қыпшақ даласында тұрғандықтан ғана қыпшақтанып, кейін қазақ хандығына (Кіші Жүзге) бағынышты болғасын, қазақтанып кеткен халық. Қарақалпақтардың ДНК бойынша ең жақын туыстары - Оғыздардың "Қара бөріклі" деп аталатын тайпасы және Кавказдағы қазіргі "Карапапахтар" деп аталатын халық. Ал ежелгі Ресейде оларды "Черные клубоки" деп атаған.
0 дауыс
Өте тамаша айтылған
0 дауыс
ешқандай нақты дәлелдерің жоқ ойларына келгенді жазыпсыңдар ауыздан ауызға өткен тарих ол тарих емес. менін ойым сендерге ұнамайтыншығар бірақ бұл шындық
...