+1 дауыс
2.1k көрілді
Көзім нашар көретін еді, очкиім бар, бірақ онда өзімді ыңғайсыз сезінемін. Араларыңызда линза киетін адамдар болса ,айтыңыздаршы киген кезде өздеріңізді жайлы сезінесіздер ме? Және де ол тез жыртылып қалады деп естіп едім. Ауамен бұрынғыша қамтамасыз ету үшін дышащие контактные линзы киген дұрыс дейді. Киетін адамдар???

3 жауап

+3 дауыс
Көзіңіз нашар көре бастаса барар жеріңіз көз дәрігері болатыны белгілі. Ал, олардың сізге қолданар жалғыз емі – көзіңіздің көру дәрежесін анықтап, соған орай көзілдірік жазып беру ғана. Алғаш көзілдірік киген кезде нашарлай бастаған жанарыңыз қайта ашылғандай өзіңізді тамаша сезініп қалатыныңыз бар. Бірақ бұл уақытша және өткінші сезім. Келе-келе көзілдіріктің қолайсыздықтарын сезе бастайсыз. Мұрныңыздың үстіне қондырған көзілдірік қан қысымын арттырады дейді ғалымдар. Сондай-ақ тек алдыңызға қарап жүретіндіктен көздің қарашығын қозғалысқа келтіретін бұлшық еттері семе бастамақ. Содан сіз көп ұзамай біреу атыңызды атап шақырса, бар денеңізбен бұрылатын күйге жетесіз.

Жә, бұл қолайсыздықтардың бәрі ештеңе емес, ең сұмдығы көзілдірікті тастамай киіп жүрген адам берер жылдан соң көзінің онан әрі нашарлағанын сезіне бастайды. Соған орай дәрігер оған минус, не плюс екінің орнына үшінші, одан кейін төртінші көзілдірікті киюге ұсыныс жасайды. Осылайша, көзілдірікке әбден еті үйренген пенде минус 10, тіпті 15-інші көзілдірік киетін жағдайға жетеді. Көзілдірігін шешсе-ақ, көз алды бұлдырап ештеңе көрмейтін жағдайғға жеткен шерменде көзілдіріксіз орнынан қозғала алмастай болады. Яғни, көзілдірік атты кесапатқа әбден байланады. Бұл – көзілдірік киіп жүргендердің көпшілігінің басынан кешетін жайлар.

Көзілдіріктің осындай қолайсыз жақтарына орай, соңғы кезде линза киюге ден қойғандар қатары артып келеді. Линзаның артықшылығы сол, тек алдыңызға емес, жан-жағыңызға қарауға да мүмкіндік береді, осыған орай, көз бұлшық еттері де сембейді. Әрі көзілдірік сияқты киіп, алып жатпайсыз. Рахат. Линзаның да түр-түрі бар. Көк, қара, жасыл дейсіз бе, қалағаныңызды киіп, қызылды-жасылды тірліктің қайнаған ортасында қызық қуып жүруіңізге болады. Бірақ, бұл «рахаттың» бағасы қарапайым көзілдірікке қарағанда біраз қымбат. «Екі көзіңіз» 3 мың теңге тұрса, қажетті арнайы сұйықтық контейнері 2 мың теңге. Ал, оны 2-3 ай сайын ауыстырып отыратыныңыз тағы бар. Шынын айтқанда, бұл жалғыз жалақымен отырған бюджет мекемесінің ортақол қызметкерінің қалтасына тым ауыр түсетін «рахат».

Дегенмен де, соңғы жылдары бағасының қымбаттығына қарамай линза алушылар қатары өсе түсуде. Бірақ, линза дегеніңнің де олқы тұстары жетіп артылады екен. Американың Огайо штатының мамандары линзаны үзбей киіп жүретін әрбір жүз адамның онының көзінің мөлдір қабатына зақым түсетіндігін, ол кейін келе жараға айналып, су қараңғы соқырлыққа дейін жеткізетіндігін анықтаған
рахмет, көп пайдасы тиді)........
Линза тақсаңыз көздегі минус өспейді деп кім айтты сізге,одан кейін очки таққанда көз бұлшық еттері семіп қалады дегеніңіз тіптен сорақы. Ия линза таққан ыңғайлы... базар жоқ
0 дауыс
Соңғы шыққан, яғни қазіргі кездегі линзалардың барлығы "дышащий ".Линзаны көп таға берген де болмайды. Очкиде минус өссе линзада да минус өседі.Егер де минус жыл сайын көтеріліп отырса , онда міндетті түрде арнайы операцияя жасатқан дұрыс
0 дауыс
Қазір елімізде көзді лазермен емдейтін орталықтар көп. Онда алыстан көрушілікті де, жақыннан көрушілікті де, көздің басқа да ауруларын тез емдеп береді. Қызметтері ақылы.
...