+1 дауыс
7.1k көрілді
кей адамдар емшілерге, бақсы-балгерлерге бару дұрыс емес дейді. Біреулері онда тұрған ештеңе жоқ, қайта жолыңды ашасың деп жатады. Ал енді қайсыны тыңдарсың?!
Аллаға серiк қосқан болады, егер оларға сенсеңiз. Сiздiк тағдыр аллаға ғана аян. Көрiпкерлер қалай бiледi әрине шайтан арқылы. Жолыңызды ашқыңыз келсе молдаға барыңыз, намазға жығылыңыз.
Белгісіз
Егер жол ашқыш болса көріпкелдікпен нәпақасын айырмай, өз жолын ашып алар еді ғой))

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мысалы адам дәрігерлер жаза алмайтын аурумен ауырса, оны дәрігерлер емдей алмаса емшіге барған дұрыс деп ойлаймын. Әрине егер емдей алатын емші болса. Ауруынан айығу үшін жасағандықтан мен күнәға жатқызбаймын.
+1 дауыс
Оларға барғанша имамға бар.
Оның бәрін қабілетсіз деп айта алмаймыз.
+1 дауыс
Емші, балгер-бақсыларға барып солардың сөзіне сену Аллаға серік қосу болып есептеледі. Бұл Алла кешпейтін ең үлкен күнә. Бармағаныңыз жөн.
0 дауыс
Дін жағынан, медицина жағынан, заң жағынан алып қарасаңыз да мүлдем қате шешім.
0 дауыс
егер емші, балгерлер керім жолды ашатын болса, өздері олай отырмас еді, керім болса өздері офиста жоғары дәрежеде жұмыс жасар еді.
0 дауыс
Оларға сене берудің қажеті жоқ тек аллаға ниет қылсаң ауруыңнан жазыласың
0 дауыс
Қазіргі кезде ғайыпты болжап бал ашқыш көріпкелсымақтар көбейіп кетті. Біреулер үйінде ақ мата үстіне Құранды қойып өздерін Жаратушыдан хабар алатын елшідей сезініп сәуегейсіп жүрсе, енді біреулері көпшілік жиналатын орындарды мекен етіп, қарапайым халықты алдап нан табуда. Солардың ішінде бес уақыт намаз оқып, Аллаһтың ақ жолында жүретіндігін айтып, Ұлы Раббымыздың адамзатқа сыйлаған ұлы сыйы Құранды көрнекі құрал етіп өз мүдделеріне пайдаланып жүргендер де жоқ емес. Жаратушыға серік қосудың бірі – ғайыпты болжау.
Бұл туралды Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім сәуегейге барып, одан бірдеңе жайлы сұраса және сол естігеніне сенетін болса, оның дұғасы қырық күн бойы қабыл етілмейді» деген (хадисті Муслим және Ахмад риуаят еткен). Және бір хадисінде: «Кімде-кім сәуегейге барса және айтқандарына сенсе, Ол Мұхаммедке түсірілгенге шәк келтірген болып табылады (Ахмад, Әбу Дауд, Әт-Тирмизи және Ибн Маджа) деп, сәуегейге сену Аллаһты серік қосуға апарып, дұға-тілектерінің қабыл болуына кедергі келтіретіндігін айтса, Құранда: «Құпияның кілті – Аллаһтың қолында, оны білетін тек сол ғана. Қара жердегінің де, теңіздегінің барлығын да айқын біледі, түскен жапыраққа дейін оның назарынан тыс қалмайды» (Әнғам сүресі, 59-аят).
«Қиямет күні (қашан болатыны) туралы Аллаһ қана біледі. Жаңбырды жауғызатын да Аллаһ, құрсақта не жатқаны да тек Аллаһқа мәлім. Ертең не істейтінін, өзінің қай жерде өлетінін ешкім білмейді. Барлық істі біліп тұратын Аллаһ қана» (Лұқман сүресі, 34-аят) деп, Аллаһтың қалауынсыз жапырақтың өзі сыбдырламайтынын, ертеңгі күннің Аллаһтан басқаға мәлім еместігін ескертеді.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш түрлі адам жұмаққа кірмейді: маскүнем, туысқандық байланысты үзгендер және сиқырға сенушілер» деген (Ахмад жәнен Ибн Хиббан). Иә, балгерге сеніп болашақты болжатушылардың екі дүниеде де азап тартып жазаланатыны туралы Аллаһ пен елшісі аз ескертпеген. «Кімде-кім Аллаһ кітабын сиқырға ауыстырса, ахиретте жаннат несібесінен қағылатыны белгілі» (Бақара: 102).
Исламда болашақты болжап, харам жолмен ақша табуға, жын-шайтандармен байланыс орнатуға тыйым салынады. Тағы бір хадисте Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген еді дейді: «Аллаһ қандай да бір мәселені шешіп жатқанда періштелер оның әміріне құлақ ұрып, құдды бір шынжырдың тасқа соғылған даңғыр-дұңғырынан қорыққандай қанаттарымен бастарын бүркеп алады. Қорқыныштары басылғаннан кейін «Жаратушымыз не деді?» деп сұрасады. Сонда: «Ақиқатты айтты. Ол – жоғары мәртебелі, ұлы» деген жауап естиді. Шайтандар да бірінің үстіне бірі шығып, ұрланып Аллаһтың сөзін тыңдайды. Естігендерін өздерінен төмендегілерге айтады, сөйтіп ол ақыры сәуегей мен бақсыға жетеді. Шайтанды аққан жұлдыз бақсыға жеткізбей қуып жетіп соғып жібереді, бірақ кейде оған үлгермей де қалуы мүмкін, бұл кезде шайтан әлгі ақиқат сөзге жүз жалған сөз қосады. Содан барып адамдар: «Ол ана жолы осындай-осындайды айтты емес пе?» деседі. Сөйтіп, көктен келді деген сөзге адамдар илануға мәжбүр болады» (Бухари).
Аллаһ Тағала «Әғраф» сүресінде: «Егер мен ғайыпты білер болсам, көптеген пайдалы дүние жасап алған болар едім, ешбір зиянға ұшырамаған болар едім. (Бірақ мен ғайыпты білмеймін, сондықтан оны маған айтып тұрады). Мен тек мұсылман қауымын ескертуші және жақсы хабар жеткізуші етіп қана жіберген пайғамбармын» де» дейді.
Адамдардың, пайғамбарлардың ішінде ең таңдаулысы, Аллаһтың сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайыпты білмегенде, балгерлер қайдан білмек?
0 дауыс
Осылардың Аллаһшыл бола қалуын, күнә жасап жатқан кезде сол Алла естеріңе түспейді де ғой осы.
...