+1 дауыс
941 көрілді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1.. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
  2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
  3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
  4. Олимпияда Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
  5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
  6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
  7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.  5
Сұраққа жауап беріліп қойған еді, бірақ сәл де болса толықтырып жауап бергендіктен жасырмаймын. Бірақ, бір сұраққа бірдей жауапты бере берсе сайт не болмақ?
+2 дауыс
1-Мысыр пирамидалары
2-Вавилонның аспалы бағы
3-Зевс мүсіні
4-Галикарнас мовзолейі
5-Артемида ғибадатханасы
6-Родос алыбы
7-Александрия маягі.
...