Сұрақ па,өтініш па болмаса пікір ма білмеймін,әйтеуір Лаззат қарындасымның айтқандары сайтқа деген жанашырлығы.Бұл өте құптарлықтай ой,қарындастың ниетіне рахмет. Осыдан қорытынды шығарып мағаналы сұрақтар легін көбейтсек нұр үстіне нұр болар еді.Кейбір сайтчандар бұрынғы берілген сұрақтарды қайталап оқуға ерінеді,сондықтан 4-5 рет қайталанып берілген сұрақтар өте көбейіп бара жатыр.Оның бәрін қарай беруге Админ,редактор,модераторлар үлгере бермес,сондықтан өзіміз қырығылық танытып сұрақ сапасына мән бере отырсақ дұрыс болар еді.Қейбір сұрақ қоюшылар берілген жауаптарды да оқымайтын сияқты. Оған дәлел көп жауаптардың жақсы жауап деп белгіленбеуі. Сұраққа жауап қажет болмаса оны қоюдың не керегі бар,не үшін деген ой еріксіз туындайды. Осы жақтарына да мұқият болсақ деймін.Бір сайтта жүрген соң бір мектептің окушылары сияқтымыз ғой,сонан соң айтып жатырмын,ешкімді жазғырудан аулақпын.Бәріңе мағаналы сұрақ, мәнді жауап тілеймін!